Туған жылы, жері: 29.07.1982 ж. Қызылорда обл., Жалағаш ауданы.
Білімі:
1999 – 2000 ж.ж Түркістан қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің дайындық курсы;
2001 – 2005 ж.ж. Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің «Дінтану» факультеті;
2013-2016 ж.ж. Түркия Республикасы дін істері басқармасына қарасты діни тереңдетілген «Хасеки» жоғарғы оқу орнында білімін шыңдаған;
2016 – 2018 ж.ж. Алматы қаласы, «Шет тілі және Іскерлік карьера» универсиетінің дінтану ғылымының магистрі атанған.
Еңбек жолы
2004 – 2005 ж.ж. Халықаралық Қазақ-Араб университетінің тәрбиеші ұстазы;
2005-2007 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, қарғалы ауылындағы «Яссауи» білім және парасат қоғамдық қоры шет тілдер оқыту орталығының ұстазы және оқу ісінің меңгеруші;
2007-2008 ж.ж. Алматы облысындағы «Шамалған» медресесінің оқу ісінің меңгерушісі;
2008-2010 ж.ж. Астана қаласындағы «Ислам орталығында» Дінтанушы маман;
2010-2011 ж.ж. «Имамдардың білімін жетілдіру» институтының аға оқытушысы және рухани танымдық «Рахмет самалы» журналының діни сарапшысы;
2011-2012 ж.ж. Ақмола облысы, Степногорск қаласының орталық мешітінің ұстазы;
2012-2013 ж.ж. Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде наиб имамдық қызметі;
2016 ж. бастап Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің найб имамы әрі Ақтөбе облыстық дін істері басқармасына қарасты «Аңсар ақпараттық талдау орталығының теолог маманы ретінде қызмет атқаруда.
Отбасылы, 3 баласы бар.