Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сөзді сына, сөйлеушіні құрметте

Руслан ҚАМБАР, Исламтанушы 20.11.2018 4322 0 пікір

Имам Шафиғи шәкірті Юнус бин Абдағлә екеуі ғылыми бір мәселеде пікірталасқа барады. Екеуі де өз ұстанымдарын дәлелдемек болып біраз жерге дейін тартысады.

Ақыры шәкірті шыдай алмай білім мәжілісінен шығып кетті. Юнус ұстазы Шафиғиге қараңғы түскенше реніші тарқамай қояды. Кеш түскен кезде беймезгіл бір уақытта есік қағылады. Бұл кім? –деген сұраққа арғы жақтан: Мұхаммед бин Идрис, - деген жауап алады. Сонда Юнус жора-жолдас пен көрші-қолаң ішінде Мұхаммед бин Идрис деген кім бар еді деген оймен есікті ашуға беттейді.

Бірақ, ұстазы Мұхаммед бин Идрис Шафиғи келеді деген ешбір ойында жоқ еді. Ұстазын көргенде Юнус не істерін білмей абдырап қалады. Сонда имам Шафиғи: «Ей, Юнус! Екеуіміз көптеген мәселеде ойымыз бір жерден шықты, енді бір мәселе үшін жолымыз екіге айырыла ма? Юнус! Әрбір пікірталаста жеңуді мұрат етпе. Кейде адамның жүрегін жаулау бір жағдайда жеңімпаз боп шығудан әлде қайда маңызды. Өзің төсеген және өтіп жүрген көпірді бұзуға асықпа. Күндердің күні сол көпірден қайта өтуге қажеттілік туады. Әрқашан қателік дегенді жек көр. Бірақ, қателесушіні жек көруші болма. Бар жүрегіңмен күнә атауына ашулан. Алайда, күнәһарға кешірімді және мейірімді бол. Сөзді сына, бірақ сөйлеушіні құрметте. Себебі, біздің мақсатымыз дертті түп тамырымен жою, бірақ науқас адамның өзін емес»,-деген екен.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру