Бірде әділетті халифа Омар ибн әл-Хаттаб базарда жүрген сәтінде бір адамның:
«Иә, Алла мені құлдарыңның ішіндегі "аздардың" қатарынан қыла гөр! Иә, Алла, мені сол "аздардың" қатырынан қыла гөр!»,-деп дұға тілеп отырғанын құлағы шалып қалады. Әлгі адамның жанына келіп:
«Сен бұл дұғаны қайдан алдың?»,-деп сұрайды.
Әлгі адам оған:
“Алла Тағала Құранда былай деген:
Сонда Омар жылап жібереді де өзін сөгіп:
«Омардан басқаның бәрі хабардар (білгір)! Иә, Алла! Мені де сол "аздардың" қатарынан қыла гөр”-деп жалбарына дұға жасаған екен...
Кейде баз біреулерге күнәдан аулақ болуды ескерте қалсақ:
«Бірақ, мұны жалғыз мен емес адамдардың көбі жасайды емес пе!»,- деп жауап береді.
Ендеше, “адамдардың көбі” деген сөздің Құрандағы қолданысына назар аударар болсақ, адамдардың көбі
“білмейді” ("Ағраф" сүресі, 187-аят),
“шүкіршілік етпейді” ("Бақара" сүресі, 243-аят)
“сенбейді” ("Һуд" сүресі, 17-аят) деген сөздермен қатар келетінін көреміз.
Ал, олардың "көпшілігі" деген сөзге қарасақ
“бұзақы” ("Мәида" сүресі, 59-аят),
“білмейді” ("Әнғам" сүресі, 111-аят),
“жалтарады” ("Әнбия" сүресі, 24-аят) және “тыңдамайды” ("Әнфал" сүресі, 21-аят) деген сөздермен қатар қолданылатынына куә боламыз.
Олай болса, Құранда аталған "аздардың" қатарынан болуға тырысайық.
Алла Тағала Құранда:
Ислам ғұламалары: «Ақиқаттың жолымен жүр және бұл жолды адамдардың ішіндегі аздары таңдайтын жалғыздық сені мұңайтпасын, өтіріктің жолынан сақ болғын әрі күнәһарлардың (көптігі) сені алдамасын»,- деген.
Алла Тағала бізді сол "аздардың" қатарынан қылсын. Әмин!
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру