Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ә.ДӘУРЕНБЕКОВ: АТА-АНАНЫҢ ҚАДІРІ

01.03.2016 9105 0 пікір

Ислам адам баласына тура жол мен ақиқатты  танытатын  жалғыз әрі хақ дін. Шариғаттағы кез-келген тыйымдар мен үкімдерді қарап отырсақ, тек қана  пенденің  жақсылыққа жету жолуындағы игілігін көздейді. Адамның абыройын асқақт атып, Жаратушының Рахымына жетелейді.

Адам өзін тәрбиелеуден бастап, қоғам, отбасы, ғылым-білім секілді күллі нәрсенің қыр-сырын дұрыс игеруді тек  асыл дініміз  арқылы қол жеткізе алады.

Әлемдегі түрлі келеңсіз  әрекеттердің  орын алу себебінің түп-тамыры Жаратушыдан алыстап, Хақ діннің жолынан тайқып, нәпсінің  қалауына  еруден  орын  жатқаны сөзсіз. Адам жан тыныштығын қалап, нәпсісінің құлына айналған.  Ал, осы құрықтан құтылып, қалайша рух пен тәннің тыныштығына қол жеткізуге болады?!

Шариғатымызда адамды сансыз сауапқа кенелтіп,  бақытқа жетелейтін амалдар жетерлік. Соның бірі байыбына барып, қадірін ұғына бермейтін ата-ананы сыйлап, оларды аялап, қадірлеу  мәселесі.

Алла Тағала ата-ананы құрметтеудi бұйырып, Құран Кәрімде былай деп әмір етеді:

وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا  وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُل رَّبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا

«Раббың тек қана Өзіне құлдық жасауды, әке-шешеге жақсы қарауды бұйырды. Ал, егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «түһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып: «Уа, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр, – деп дұға жаса».(«Исра» сүресі, 23-аят)

Міне, қандай да бір іс-әрекет арқылы, не сөзімізбен ата-анамыздың көңіліне қаяу, жүрегіне кірбің түсіруден аулақ болған жөн. Жоғарыдағы аятта бұйырғандай, тіпті, «түһ» деп кейіс білдіруден де сақтанайық. Хадисте:

لَوْ عَلِمَ اللَّهُ شَيْئًا مِنَ الْعُقُوقِ أَدْنَى مِنْ أُفٍّ لَنَهَى عَنْ ذَلِكَ ، فَلْيَعْمَلِ الْعَاقُّ مَا شَاءَ أَنْ يَعْمَلَ ، فَلَنْ يَدْخُلَ الْجَنَّةَ ، وَلْيَعْمَلِ الْبَارُّ مَا شَاءَ أَنْ يَعْمَلَ فَلَنْ يَدْخُلَ النَّارَ

«Егер «түһ» деп кейіс білдіруден де төмен нәрсе болса, Алла Тағала міндетті түрде одан да тыйған болар еді. Ата-анасына қарсы келген перзент қандай амал істесе де, жәннатқа кірмейді»,–делінген.

Ислам ата-ана мәртебесiн басқа ешбiр дiнде болмаған дәрежеге көтерiп, оларды құрметтеуді Алла Тағалаға иман келтiруден кейiнгі  орынға қойып: «Алла Тағалаға құлшылық етiп, Оған ешнәрсенi ортақ етпеңдер! Әрi ата-анаға жақсылық iстеңдер!», деп бұйырған («Ниса»  сүресi, 36-аят). 

"سَأَلْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَيُّ الْعَمَلِ أَحَبُّ إِلَى اللَّهِ قَالَ الصَّلاَةُ عَلَى وَقْتِهَا قَالَ ثُمَّ أَيٌّ قَالَ بِرُّ الْوَالِدَيْنِ قَالَ ثُمَّ أَيٌّ قَالَ الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ قَالَ حَدَّثَنِي بِهِنَّ وَلَوْ اسْتَزَدْتُهُ لَزَادَنِي 

Сахабалар Алла  Елшісінен () әке-шешені қалай құрметтеуді үйренгенін мына бір хадистен  байқауға болады:

–Алла Тағаланың ең жақсы көретiн амалы қандай?, – деп сұрағанымда, Ол ():

–Уақтылы оқылған намаз, – дедi.

–Одан кейiн ше?

– Ата-анаға жақсылық iстеу.

–Одан кейiн ше?

 - Алла Тағала жолында соғысу,– деді  де мынаны айтты:

"رِضَا اللهِ فِي الرِّضَا الْوَالِدِ. وَسَخَطُ الرَّبِّ فِي سَخَطِ الْوَالِدِ" 

–Алланың разылығы ата-ананың разылығы, Алланың қарғысы ата-ананың қарғысы.

Мен Пайғамбардан (): "Уа, Расулалла ()! Жақсылықты алдымен кiмге iстеймiн?», – деп сұрағанымда, Ол (): «Анаңа!», – дедi.

- Одан кейiн ше?

- Анаңа!

-Ал, одан кейiн ше?

-Анаңа!

–Ал, одан кейiн ше?

-Әкеңе. Әкеңнен кейiн жақындық дәрежесiне қарай туысқандарыңа. (Абдолла ибн Масудтан (р.а) Имам Бұхари риуаят еткен). 

Енді, ата-анаға қатысты басқа бір хадиске құлақ түрелік:

"عن عطاء بن يسار، عن ابن عباس، أَنَّهُ أَتَاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: إِنِّي خَطَبْتُ امْرَأَةً فَأَبَتْ أَنْ تُنْكِحَنِي، وَخَطَبَهَا غَيْرِي فَأَحَبَّتْ أَنْ تُنْكِحَهُ. فَغَرْتُ عَلَيْهَا. فَقَتَلْتُهَا. فَهَلْ لِي مِنْ تَوْبَةٍ؟ قَالَ أُمُّكَ حَيَّةٌ؟ قَالَ: لاَ. قَالَ: تُبْ إِلَى اللهِ عَزَّ وَجَلَّ، وَتَقَرَّبْ إِلَيْهِ مَا اسْتَطَعْتَ. فَذَهَبَ فَسَأَلْتُ ابْنَ عَبَّاس: سَأَلْتَهُ عَنْ حَيَاة أُمِّهِ؟ فَقَالَ: إِنِّي لاَ أَعْلَمُ عَمَلاً أَقْرَبُ إِلَى اللهِ عَزَّ وَجَلَّ مِنْ بِرِّ الْوَالِدَةِ" 

 –Бiр кiсi Ибн Аббасқа (р.а.) келiп: –Мен бiр әйелге құда түсiп едiм, бiрақ ол маған күйеуге шығуды қаламады. Кейiн оған басқа бiр  кісі  құда түскен едi, ол  соған  тұрмысқа  шығатын болды. Мен қызғаныштан әлгi әйелдi өлтiрдiм. Мен үшiн тәубеге келудiң жолы бар ма?, – дегенде   Ибн Аббас (р.а.): –Сенiң анаң тiрi ме?, – деп сұрады. 

–Жоқ.

–Онда Алла Тағаладан  қолыңнан келгенше Оның разылығын алуға тырыс. 

Осыдан кейiн әлгi адам   жөніне кеттi. Мен ибн Аббасқа (р.а.): «Одан: "Анаң тiрi ме?» деп не сұрадың»   дегенiмде, ол (р.а): "Мен Алла Тағала үшiн анаға жақсылық iстеуден артық амалды бiлмеймiн”, – деп жауап бердi» 
(Хадистi  Ата ибн Ясардан (р.а.) имам Бұхари риуаят еттi).

 Тіпті, әке-шешесі  баласына зұлымдық етсе де, оаларға жақсылық жасай беруі тиіс.

"مَا مِنْ مُسْلِمٍ لَهُ وَالِدَانِ مُسْلِمَانِ، يُصْبحُ إِلَيْهِمَا مُحْتَسِبًا، إِلاَّ فَتَحَ اللهُ لَهُ مَا بَيْنَ – يَعْنِي مِنَ الْجَنَّةِ – وَإِنْ كَانَ وَاحِدًا، فَوَاحِدًا. وَإِنْ أَغْضَبَ أَحَدهُمَا لَمْ يَرْضَ اللهُ عَنْهُ حَتَّى يَرْضَى عَنْهُ. قِيلَ: وَإِنْ ظُلَمَاءُ، قَالَ: وَإِنْ ظُلَمَاءُ" 

"Қайсыбiр мұсылман таңертең тұрып,  сауап алу үмiтiмен мұсылман болған ата-анасына қызмет ету болса,  Алла Тағала оны жәннатқа жақын етедi.  Ата-анасының бiреуi ғана тiрi болып, ниетi сауап алу үмiтiмен оған қызмет ету болса да солай. Ата-ананың бiрiн ашуландырған болса, оны қайта разы етпейiнше, Алла  Тағала да одан разы болмайды. Сонда: "Ата-ананың өзi қайырымсыз болса да ма?”, – деген  сұраққа  Расулалла (): " Иә”, – деп жауап бердi.”  (хадистi Ибн Аббастан (р.а.) имам Бұхари риуаят еттi.) 

Сондай-ақ, ата-анаға жұмсақ, сыпайы мәміледе болудың қажеттілігін төмендегі хадистерден  ұға түсеміз.

"كُنْتُ مَعَ النَّجَدَاتِ، فَأَصَبْتُ ذُنُوبًا لاَ أَرَاهَا إِلاَّ مِنَ الْكَبَائِرِ فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لابْنِ عُمَر قَالَ: مَا هِيَ؟ قُلْتُ: كَذَا وَكَذَا. قَالَ: لَيْسَتْ هَذِهِ مِنَ الْكَبَائِرِ. هُنَّ تِسْعٌ: الإِشْرَاكُ بِاللهِ، وَقَتْلُ نَسَمَةٍ، وَالْفِرَارُ مِنَ الزَّحْفِ، وَقَذْفُ الْمُحْصَنَةِ، وَأَكْلُ الرِّبَا، وَأَكْلُ مَالِ الْيَتِيمِ، وَإِلْحَادُ فِي الْمَسْجِدِ، وَالَّذِي يَسْتَسْخِرُ، وَبُكَاءُ الْوَالِدَيْنِ مِنَ الْعُقُوقِ. قَالَ لِي ابْنُ عُمَرَ: أَتَفْرَقُ مِنَ النَّارِ وَتُحِبُّ أَنْ تَدْخُلَ الْجَنَّةَ؟ قُلْتُ: أَيُّ، وَاللهِ! قَالَ أَحَيٌّ وَالِدَاكَ؟ قُلْتُ: عِنْدِي أُمِّي. قَالَ: فَوَاللهِ! لَوْ أَلَنْتَ لَهَا الْكَلاَمَ، وَأَطْعَمْتَهَا الطَّعَامَ، لَتَدْخُلَنَّ الْجَنَّةَ مَا اجْتَنَبْتَ الْكَبَائِرَ" :

«Мен көмекке жiберiлген әскер қатарында жүргенімде бiршама күнәға ұрынып, осы  жайында ибн Омарға (р.а.) айтқанымда: "Ол қандай күнә?”, – дедi. Мен болған жәйтті  айттым. Сонда Ибн Омар (р.а.):

«Айтқандарың ауыр күнәға жатпайды. Алла Тағалаға серiк қосу, нақақ  кiсi өлтiру,  соғыстан қашу, iзгi әйелге жала жауып оны зинақорлықта  айыптау, пара алу, жетiмдердiң малын жеу, мешiтте дiнбұзарлық iспен айналысу, бал ашу, ата-ананы жылату» дедi.

Осыдан кейiн ибн Омар (р.а.): "Сен тозақтан қорқып, жәннатқа кiрудi қалайсың ба?”, – деп сұрады.

–Құдайақы, әрине!

–Ата-анаң тiрi ме?

– Анам тiрi.

–Алламен ант етемiн, анаңа жұмсақ сөйлеп, оны бағып-қақсаң  онда ауыр күнәдан сақтанғаныңа қарай мiндеттi түрде жәннатқа кiресiң!–деді. 

Әке-шешесінің асырап, өсiрiп жеткiзгеннiң қарызын, перзенті ешқашан еңбегімен өтей алмасы анық. 

"لاَ يَجْزِي وَلَدٌ وَالِدَهُ، إِلاَّ أَنْ يَجِدَهُ مَمْلُوكاً، فَيَشْتَرِيَهُ فَيُعْتِقَهُ" 

Пайғамбарымыз (): «Әкесi өсiрiп-жеткiзгеннiң қарызынан перзент ешқашан құтыла алмайды.  Тек  құлдықта болған әкесi үшін  құнын төлеп, азат еткен жағдайда ғана құтыла алады»  (хадистi Әбу һұрайрадан (р.а.) имам Бұхари риуаят еттi).

"سَمِعْتُ أَبِي يُحَدِّثُ أَنَّهُ شَهِدَ ابْنَ عُمَرَ، وَرَجُلٌ يَمَانِيٌّ يَطُوفُ بِالْبَيْتِ، حَمَلَ أُمَّهُ وَرَاءَ ظَهْرِهِ يَقُولُ: إِنِّي لَهَا بَعِيرُهَا الْمُذَلَّلُ، إِنْ أُذْعِرَتْ ركَابُهَا لَمْ أُذْعَرْ. ثُمَّ قال: يَا ابْنَ عُمَرَ؟ أَتَرَانِي جَزَيْتُهَا؟ قال: لاَ. وَلاَ بِزَفْرَةٍ وَاحِدَةٍ. ثُمَّ طَافَ ابْنُ عُمَرَ فَأَتَى الْمَقَامَ فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ ثُمَّ قال: يَا ابْنَ أَبِي مُوسَى! إِنَّ كُلَّ رَكْعَتَيْنِ تَكْفِرَانِ مَا أَمَامَهُمَا" 

Мына бір хадистi Шубадан (р.а.) имам Бұхари риуаят етеді:

«Анасын арқалаған йемендiк бiр адам: "Мiнген түйесi мен ер тоқымы қанша шайқалып, тербетiлсе де, ол анама ешбiр әсер ете алмайды”, – деген мағынадағы сөздi айтып жүрiп Қағбаны тәуап етті  ибн Омардан (р.а.): "Ей, Ибн Омар (р.а.)! «Қалай ойлайсың мен анамның ақ сүтiнің ақысынан  құтылдым ба?, – деп сұрағанда  ибн Омар (р.а.): «Жоқ! Оның сені босанып жатқан сәтiндегі қиналып, бiр рет ыңырсығанынан да құтыла алмадың”, – деп жауап бердi.

Мүшірік (Алла Тағалаға серiк қосушы) болған ата-ана үшiн жарылқау тiленбейдi.

"عن ابن عباس، فِي قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: "إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلاَهُمَا فَلاَ تَقُل لَّهُمَآ أُفٍّ" إِلَى قَوْلِهِ: "كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا" فَنَسَخَتْهَا الآيَةُ الَّتِي فِي بَرَاءَةِ: "مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ وَالَّذِينَ آمَنُواْ أَن يَسْتَغْفِرُوا لِلْمُشْرِكِينَ وَلَوْ كَانُواْ أُوْلِي قُرْبَى مِن بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُمْ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ" 

"Маған анам келдi. Ол Исламды қабылдауын қаламайтын. Мен мұны Нәбиге () түсiндiрiп, Ол () кiсiден: "Мен анама жақсылық iстеуiм керек пе?”, – деп сұрағанымда Ол (): "Иә”, – деп жауап бердi.” Ибн Ғайина (р.а.): Бұған қатысты Алла Тағала: "Алла Тағала дiн мәселесiнде сендермен соғыспағандарға жақсылық етулерiңе тыйым салмайды”, – деген  аят түсiрдi («Мумтахина» сүресi, 8 аят). 

«Нәби (): "Бiреудiң ата-анасын балағаттауы ауыр күнәға жатады”, – дегенде  сахабалар: "Бiреу өз ата-анасын қалайша балағаттауы мүмкiн?”, – деп сұрады. Нәби (): "Бiреудiң ата-анасын балағаттаған адам өз ата-анасын балағаттаған болады”, – деп жауап бердi.”  (хадистi Мухаммад ибн Кәсирден (р.а.) имам Бұхари риуаят еттi). 

"مِنَ الْكَبَائِرِ عِنْدَ اللهِ تَعَالَى أَنْ يَسْتَسِبَّ الرَّجُلُ لِوَالِدِهِ" 

Ата-ананың перзентіне жасаған  дұғасы әманда қабыл.  Бұл жайлы Алла Елшісі (): 

"ثَلاَثُ دَعَوَاتٍ مُسْتَجَابَات لَهُنَّ. لاَ شَكَّ فِيهِنَّ: دَعْوَةُ الْمَظْلُومِ، وَدَعْوَةُ الْمُسَافِرِ، وَدَعْوَةُ الْوَالِدَيْنِ عَلَى وَلَدِهِمَا" 

"Үш түрлi дұға қабыл, оған күмән жоқ. Ол: мазлұмның (зұлымдыққа ұшырағанның), мүсәпірдің  (жолаушының) және ата-ананың баласына  жасаған  дұғасы» (хадистi Муаз ибн Фадаләдан (р.а.) имам Бұхари риуаят еттi). 

Дүниеден өткен ата-анаға жақсылық iстеуге қатысты  Расуллала (): 

"كُنَّا عِنْدَ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم فَقَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللهِ! هَلْ بَقِيَ مِنْ بِرِّ أَبَوَيَّ شَيْءٌ بَعْدَ مَوْتِهِمَا أَبَرُّهُمَا؟ قَالَ: "نَعَمْ. خِصَال أَرْبَع: الدُّعَاءُ لَهُمَا. وَالاِسْتِغْفَارُ لَهُمَا. وَإِنْفَاذُ عَهْدِهِمَا. وَإِكْرَامُ صَدِيقِهِمَا. وَصِلَةُ الرَّحِمِ الَّتِي لاَ رَحِمَ لَكَ إِلاَّ مِنْ قِبَلِهِمَا" 

"Бiз Нәбидiң () жанында тұрғанымызда бiр кiсi: "Уа, Расулалла (с.ғ.с.)! Ата-анам қайтыс болғаннан кейiн оларға жақсылық iстеудiң жолы бар ма?”, – деп сұрады. Ол (): "Иә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық жасауыңа  болады: Олар үшiн дұға етiп, күнәларына жарылқау тiлеу, уәделерiн орындау, достарын құрметтеу, туыстарымен қатынасты үзбеу” (хадистi Әбу Наимнен (р.а.) имам Бұхари риуаят еткен). 

Әбу һұрайрадан (р.а.) имам Бұхари мына бір екі хадисті риуаят етеді:

"Бір адам  қайтыс болғаннан кейін жаны  дәрежесінің жоғары екенін  байқап, Жаратушыдан: "Уа, Раббым, бұл не себептен?”, – деп сұрағанда: "Бұған себепкер балаң. Ол сен үшiн жарылқау тiледi”, – делiнедi.” 

"كُنَّا عِنْدَ أَبِي هُرَيْرَةَ لَيْلَةً. فَقَالَ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لأَبِي هُرَيْرَةَ وَلأُمِّي وَلِمَنِ اسْتَغْفَرَ لَهُمَا. قَالَ مُحَمَّدٌ: فَنَحْنُ نَسْتَغْفِرُ لَهُمَا حَتَّى نَدْخُلُ فِي دَعْوَةِ أَبِي هُرَيْرَةَ" 

"Жан тапсырғаннан кейін  пенденiң барлық амалы тоқтап, тек үш амалы ғана жалғасады.   Олар: жария садақа, үйреткен пайдалы бiлiм және артта қалған iзгi ұрпақтың дұғасы.” 

Ата-ана да  пенде. Сондықтан  да олардың қателесетiн, жаңылысатын, ағаттық жiберетiн кездерi болады. Мысалы, дiннен хабары болмау себебiнен ата-анасы баласынан шариғатқа қайшы келетiн нәрселердi талап етуi мүмкiн. Мұндай жағдайда шариғат дiн талабын үстем тұтуды рұқсат етедi. Осындайда   әдептi кiсi зiркiлдеп, оларға  дауыс көтермейді.  Керiсiнше, ата-ананың бiлместiктен iстеген iсi, айтқан сөзi жанына қатты батса да, сабыр етiп,   шыдамдылық танытса, түптің түбінде  Алланың  разылығына бөленіп, нәтижеге де қол жеткізеді. Өйткені, ата-анаға бойсұну, Жаратушыға бойысұну екенін ұмытпаған жөн.

Ә.Қ.Дәуренбеков,
ҚМДБ Ақтөбе медресесінің директоры

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру