Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өмірзақ БЕКҚОЖА: Рия және көреалмаушылықтың кесапаты

17.02.2016 7159 0 пікір

Адам ағзасы бір ақаусыз жүре беруі мүмкін емес, денсаулығымыз қайткенмен де сыр беріп, ем-дом қолданып жатамыз. Бірақ, алдын алып, әйтеуір аяқтан тұрып кетуге жағдай жасаймыз. Ал, барлық ағзаның қызметін атқарып тұрған жұдырықтай жүректің қарайып,  тот басып кірленетінін білеміз бе?! Ол сыр бермеуі мүмкін. Жүрекке дақ қандай жағдайда түседі?

Біреуді көре алмай, күндеп, қызғаныш сезімі бой бермеген кезде, жүрегің қарая бастайды. Көреалмаушылық, іштарлық – ол үлкен дерт.

Қызғаныштың арты жақсылыққа апармайтынын біле тұра, сол дертімізбен күресіп, оны жеңуге көбіміз тырыспаймыз да. Көре алмаушылықтың бастауы малғұн шайтаннан бастау алатынын біле де бермейміз.

Адамның (ғ.с.) жаратылуы  Алла Тағаланың шайтанға Адамға (ғ.с.) сәжде ет деп әмір еткені үшін, қызғаныштан сәжде етуден  бас тартып,  Жаратушының әміріне қарсы шығып, рахметінен қуылып малғұн аталған шайтаннан басталады.   

وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَائِكَةِ إِنِّي جَاعِلٌ فِي الْأَرْضِ خَلِيفَةً قَالُوا أَتَجْعَلُ فِيهَا مَن يُفْسِدُ فِيهَا وَيَسْفِكُ الدِّمَاءَ وَنَحْنُ نُسَبِّحُ بِحَمْدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَ قَالَ إِنِّي أَعْلَمُ مَا لَا تَعْلَمُونَ ﴿٣٠﴾ 

«Сенің () Раббың Періштелерге жер бетіне орынбасарымды жаратамын деді. Сонда Періштелер: «Иә, Раббым, жер бетінде бұзықтық  етіп, бір-бірінің қанын ағызатындарды, бір-бірін көре алмайтындарды жаратасың ба?, - деп сұрайды. «Біз Сені әрдайым пәктеп, мадақтаймыз», - дейді. Сонда Алла Тағала: «Мен сендер білмейтінді білемін», - деді. («Бақара» сүресі, 30 аят) 

وَعَلَّمَ آدَمَ الْأَسْمَاءَ كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى الْمَلَائِكَةِ فَقَالَ أَنْبِئُونِي بِأَسْمَاءِ هَؤُلَاءِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

Алла Тағала Адамға (ғ.с.) барлық заттың аттарын үйретіп, періштелердің алдына шығарып, оларға : «Егер сендердікі шындық болса, мына заттардың аттарын атаңдар », - дейді.

 

قَالُوا سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَا إِلَّا مَا عَلَّمْتَنَا إِنَّكَ أَنتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ ﴿٣٢﴾ 

Періштелер болса: «Біз Сені пәктеп, мақтаймыз. Бізде Өзің берген білім ғана бар, шындығын да Сен білім иесі, үкім қылушысың», - дейді. 

وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ أَبَىٰ وَاسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ الْكَافِرِينَ ﴿٣٤﴾ 
 

Біз періштелерге Адамға (ғ.с.) сәжде етіңдер деп әмір еттік. Періштелердің барлығы сәжде еткенде шайтан тәкаппарлық  еткен бас тартып қарсы келушілерден болды.

قَالَ يَا إِبْلِيسُ مَا مَنَعَكَ أَنْ تَسْجُدَ لِمَا خَلَقْتُ بِيَدَيَّ أَسْتَكْبَرْتَ أَمْ كُنْتَ مِنَ الْعَالِينَ  ﴿75﴾ 

Алла Тағала: «Ей Ібіліс, Мен йәдіммен (құдіретіммен) жаратқан нәрсеге сәжде етуден  не тоқтатты сені? Тәкаппарлық жасадың  ба? Әлде өзіңді биік санадың ба», - деп сұрайды.

قَالَ مَا مَنَعَكَ أَلَّا تَسْجُدَ إِذْ أَمَرْتُكَ  قَالَ أَنَا خَيْرٌ مِّنْهُ خَلَقْتَنِي مِن نَّارٍ وَخَلَقْتَهُ مِن طِينٍ ﴿١٢﴾ 

«Мен одан артықпын, оны топырақтан мені оттан жараттың», - деп жауап береді.

Шайтанның бұл іс-әрекеттерінен көріп отырғанымыздай, Адамды (ғ.с.) қызғанып, көре алмай, Алла Тағаланың әміріне қарсы келіп, тәкаппарлықтың кесірінен Жаратушысының мейірімінен айырылды.

وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ ابْنَيْ آدَمَ بِالْحَقِّ إِذْ قَرَّبَا قُرْبَانًا فَتُقُبِّلَ مِنْ أَحَدِهِمَا وَلَمْ يُتَقَبَّلْ مِنَ الْآخَرِ قَالَ لَأَقْتُلَنَّكَ قَالَ إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ اللَّهُ مِنَ الْمُتَّقِينَ ﴿٢٧﴾

Оларға Адамның (ғ.с.) екі баласының оқиғасын шынайы түрде оқы. Сол уақытта екеуі Алла разылығы үшін құрбанды шалады. Біреуінен құрбаны қабыл болып, екінші ұлынікі қабылданбады. Қабыл болғанын көре алмай сені өлтіремін деді.

Сонда қабыл болғаны Алла Тағала тақуалардың құрбанын қабыл етеді деді. Бұл Қабылмен Әбіл арасындағы қисса екенін білеміз. Қабылдың Әбілді қызғануына себеп болған оқиғаның бірі құрбандығы қабыл болмауы. Құрбаны қабыл болмаған Қабыл әкесі Адам (ғ.с.) Меккеге Кағбаны зияратқа кеткенде, Әбілге келіп сені өлтіремін дейді. Сенің құрбаның қабыл болып, менікі қабыл болмады. Және сен менімен бірге туған сұлу Ақлимаға некелескің келеді. Маған өзіңмен бірге туған Лиюзаны қалдырып, ертең адамдар арасында сен меннен артық болдың деген әңгімелер болады. Және сенің балаларың менің балаларымның бетіне осы оқиғаны басатын болады деп сені өлтіремін дейді.   Екіншісі Адам атамен Хауа анамыздан бір ұлмен қыз туатын болған. Хауа анамыз Қабылмен егізі Ақлиманы жәннатта жүргенде көтереді. Сол себепті Хауа анамыз оларды босанғанда еш қиындық көрмей қан келмей таза босанып, және де олар әдемі болып туады. Әбілмен туған егізі Лиюзаны Қабылға, Қабылмен бірге туған Ақлиманы Әбілге некелестіріп, қос деген Алла Тағаладан уахи келеді. Бұл үкімге Әбіл ризалығын білдірсе, Қабыл біз пейіш балаларымыз сондықтан Ақлиманы мен алу керекпін деп қарсы шығады. Әбілді қалай өлтірерін білмей жүрген Қабылға Шайтан келіп бір құсты басынан таспен ұрып өлтіріп көрсетеді. Қалай өлтіруді үйреніп алған Қабыл Әбіл ұйқыда жатқан кезде басынан таспен ұрып өлтіреді. Осы зұлымдыққа Қабылды жетелеген оның Әбілді көре алмаудан басталады. 

حَدَّثْنَا قَبِيصَة حَدَّثْنَا سُفْيَان عَن الْأَعْمَشِ عَنْ عَبْدِ اللهِ بِنْ مَرَّة عَن مَسْرُوق عَن عَبْدِ الله رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِّي صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّم قَالَ لَا تُقْتَلُ نَفْسٌ إِلَّا كَانَ عَلَى اِبْنِ آَدَمَ الأَوَّلِ كِفْلٌ مِنْهَا

Абдулладан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадисінде «Қандай бір адам біреуді өлтірсе, Адамның (ғ.с.) әуелгі баласына сол күнәдан нәсібі бар», -дейді. Яғни бір кісі басқа бір адамды өлтірсе, оның күнәсі Қабылға тиеді.

Көкте  көре алмай, күншілдікке барған шайтан, оның хәлі не болғанын білеміз. Жер бетінде қызғаныш сезіміне ырық беріп, күнәға барған Қабыл, оған да не болғанын білеміз.

Пайғамбарымыз () хадисінде: «Алла Тағаланың нығметтерінің дұшпаны бар деді. Сонда жанындағы сахабалар: «Иә, Алланың елшісі, олар кім? - деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Алланың адамдарға берген нығметін көре алмағандар», - деп жауап берді.

Қателіктің анасы – үшеу деген өткен ғұламалар. Біріншісі – тәкаппарлық. Әуелгі осы күнәға батқан – шайтан. Екіншісі – кызғаныш. Сол қызғаныш – бауырына өшпенділік туғызып Қабылдың Әбілді өлтіруіне сеп болды.   Үшіншісі – бір нәрсені жан-тәніңмен қалау. Шайтан Адамды (ғ.с.) «Мәңгілік өмір сыйлайтын ағаштың жемісін жесең өлмейсің», - деп азғырып жеуге тиым салынған жемістен жегізді.

Абу һұрайрадан жеткен Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадисінде айтылғандай: «Сендер көре алмаушылықтан сақ болыңдар, шындығында қызғаныш сауаптарды от ағашты жаққандай өртейді»­. Қызғаныш, іштарлық адам баласын басқа да  күнәларға жетелеп, қамшының сабындай ғана қысқа өмірде біреуді күндеп-мінеп жүргенде, ана дүниенің сыйынан мақұрым қалудан сақтасын. 

Домрат ибн Сағлаба: «Адамдардың бойында қызғаныш тумайынша бір-бірімен жақсылықта болады», - дейді. Қызғаныш – құлшылық сауабы мен Пайғамбардың () шапағатынан мақрұм қалдырады.

نْبَأَنَا أَبُو عَلِيٍّ الْحَسَنُ بْنُ أَحْمَدَ ، نَا مُحَمَّدُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَحْمَدَ ، أَنَا سُلَيْمَانُ بْنُ أَحْمَدَ الطَّبَرَانِيُّ ، أَنَا أَحْمَدُ بْنُ النَّضْرِ الْعَسْكَرِيُّ ، نَاسُلَيْمَانُ بْنُ سَلَمَةَ الْخَبَائِرِيُّ ، نَا أَبُو فِرَاسٍ الْمُؤَمَّلُ بْنُ سَعِيدِ بْنِ يُوسُفَ الرَّحَبِيُّ ، حَدَّثَنِي وَالِدِي سَعِيدُ بْنُ يُوسُفَ ، قَالَ : سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ بُسْرٍيُحَدِّثُ ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ، قَالَ : " لَيْسَ مِنِّي ذُو حَسَدٍ ، وَلا نَمِيمَةٍ ، وَلا كَهَانَةٍ وَلا أَنَا مِنْهُ " ، ثُمَّ تَلا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ هَذِهِ الآيَةُ : وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا سورة الأحزاب

Ибн Асакирдің тариху Димашқ кітабінде Сағид ибн Юсуф Абдулла ибн Бусрдың жеткізген Пайғамбарымыздың () хадисін келтіріп: «Қызғаншақ, яғни көре алмайтын адам, жала жабушы және адамдарды дұғалап, сиқырмен айналысатын адам Меннен () емес, Мен () олардан емеспін», - деп «Ахзаб»  сүресінің 58-ші аятын оқығанын естідім деп айтқанын.

رَوَي عَنْ رَسُولِ الله - صلى الله عليه وآله وَ سَلَّم- أَنَّهُ قَالَ اسْتَعِينُوا عَلَى الْحَاجَاتِ بِالْكِتْمَانِ فَإِنَّ كُلَّ ذِي نِعْمَةٍ مَحْسُودٌ

Имам Табарани риуаят қылған Пайғамбарымыздың () хадисінде «Жақсылықты жасырын түрде жасаңдар, себебі әр нығметке бөленген адамды қызғанатындар бар», - делінген.

Өмірзақ Бекқожа
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру