Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өмірзақ Бекқожа: ӨСІМҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ

24.11.2015 9078 0 пікір

Қазіргі таңда көптің көкейін тескен маңызды сұрақтың бірі – өсім (риба) жайында. Рибаның Құранда харам амалға жататындығын Мұсылман бауырларымыздың бірі білсе, бірі білмеуі де мүмкін. Мұсылман ғалымдардың бәрі бірауыздан Алла Тағаланың қатаң тыйым салған нәрселерінің бірі – риба  екендігін айтады. «Риба» сөзі араб тілінен аударғанда «өсім» деген мағынаны береді. Құран мен сүннеттен нәр алып сусындаған әр мұсылман, қатаң тыйымды түсініп, бойын рибадан аулақ ұстауға тырысуы қажет.

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

وَأَحَلَّ اللَّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَا

«Негізінде, Алла сауданы халал, өciмді харам еткен» («Бақара» сүресі 275-аят). 

Дінімізде өсімді харам еткен, ал кімде-кім Алла тағаланың бұйрығына бойұсынбай, өсіммен айналысса, ол адам Алла және Алланың елшісіне (ﷺ) қарсы келген болады.

 فَإِن لَّمْ تَفْعَلُوا فَأْذَنُوا بِحَرْبٍ مِّنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ ۖ وَإِن تُبْتُمْ فَلَكُمْ رُءُوسُ أَمْوَالِكُمْ لَا تَظْلِمُونَ وَلَا تُظْلَمُونَ 

«Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) мұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер» («Бақара» сүресі 279-аят).

يَمْحَقُ اللَّهُ الرِّبَا وَيُرْبِي الصَّدَقَاتِ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ كَفَّارٍ أَثِيمٍ 

«Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді» («Бақара» сүресі 276-аят)

الَّذِينَ يَأْكُلُونَ الرِّبَا لَا يَقُومُونَ إِلَّا كَمَا يَقُومُ الَّذِي يَتَخَبَّطُهُ الشَّيْطَانُ مِنَ الْمَسِّ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُوا إِنَّمَا الْبَيْعُ مِثْلُ الرِّبَا ۗوَأَحَلَّ اللَّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَا ۚ فَمَن جَاءَهُ مَوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّهِ فَانتَهَىٰ فَلَهُ مَا سَلَفَ وَأَمْرُهُ إِلَى اللَّهِ ۖ وَمَنْ عَادَ فَأُولَـٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ 

«Сондай-ақ өciм жегендер, (қабірлерінен) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Са­уда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса, өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар — тозақтық. Олар онда мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 275-аят)

Хадисте өсімқорлықтың қандай үлкен күнә екендігін ашық көрсетіп айтады.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم قَالَ: «اجْتَنِبُوا السَّبْعَ الْمُوبِقَاتِ، قَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ وَمَا هُنَّ؟ قَالَ: الشِّرْكُ بِاللهِ، وَالسِّحْرُ، وَ قَتْلُ النًّفْسِ الَّتِي حَرَّمَ اللهُ إِلَّا بِالْحَقِّ، وَأَكْلُ الرِّبَا، وَأَكْلُ مَالَ الْيَتِيمِ، وَالتَّوَلَّي يَوِمَ الزَّحْفِ (أَيْ الْفِرَارُ مِنَ الْجَيْشِ عِنْدَ لِقَاءِ الْكُفَّارِ) وَقَذْفُ الْمُحْصِنَاتِ الْمُؤمِنَاتِ الْغَافِلاَتِ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ ، وَمَعْنَى الْمُوبِقَاتِ: الْمُهْلِكَاتِ.

Әбу Һурайра ﴾р.а.﴿ Алла елшісінің (ﷺ) келесі сөздерін жеткізген: «Құртуға апаратын жеті нәрседен шеттеніңдер. Сахабалар ﴾р.а.﴿: – Иә, Алланың елшісі  (ﷺ), олар не? — деп сұрады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Аллаға серік қосу, сиқыр, Алла харам еткен біреуді кінәсіз өлтіру (ал жазықты болса жазасын тартады), өсім жеу (процент алу), жетімнің мал-мүлкін жеу (зұлымдықпен), шабуыл кезде кері қайту (шайқастан қашу), мұнтаздай, бейқам иманды әйелдерге жаман ат тағу» (хадисті әл-Бұхари мен Мүсілім жеткізген).

Өсім түрлерін қарастыратын болсақ, өсімнің екі түрі бар. Ол: сауда-саттықтан туындайтын өсім және қарыздан туындайтын өсім.

Сауда-саттықтан туындайтын өсімнің шариғаттағы анықтамасы – бұл тең мөлшердегі емес, яғни бағалары бір-біріне сәйкес келмейтін мүлік түрлерін айырбастау.

Бұл жерде берілген «мүлік түрлері» дегеніміз, өсім үкімдері жүретін заттардың түрлері.

Фиқһтағы қияс әдістемесі бойынша ғалымдар, өсім үкімі жүретін мүліктердің екі түрі бар деп бекіткен:

 

1) Алтын, күміс, ақша (яғни, тауардың құнын білдіретін нәрсе);

 

2) Азық-түлік (адамның ішіп-жемі).

Қалған мүлік түрлеріне өсімнің (сауда-саттыққа байланысты өсімнің) үкімі жүрмейді. Бірақ мұның қарыздан туындайтын өсімге еш қатысы жоқ.

وَرِوَايَةُ الْإِمَامِ أَحْمَدَ وَالْبُخَارِي: الذَّهَبُ بِالذَّهَبِ، وَالْفِضَّةِ بِالْفِضَّةِ، وَالْبُرُّ بِالبُرِّ، وَالشَّعِيرُ بِالشَّعِيرِ، وَالتَّمْرُ بِالتَّمْرِ، وَالْمِلْحُ بِالْمِلْحِ، مَثَلاً بِمِثْلٍ، يَدًا بِيَدٍ، فمَنْ زَادَ أَوْ اسْتَزَادَ فَقَدْ أَرْبَى، اَلْآخِذُ وَالْمُعْطَي فِيهِ سَوَاءٌ 

«Алтын алтынға, күміс күміске, бидай бидайға, арпа арпаға, құрма құрмаға және тұз тұзға тең болып, қолма-қол есеп айырысу шартымен қалай сататындарың өз еріктеріңде» (Ахмад, Бұхари). Бұл хадистер бойынша алтын, күміс, арпа, бидай сияқты белгілі бір қалыптағы заттарды өз түріне артық мөлшерде сату (айырбастау) «артық өсімін» тудырады. Яғни жүз грамм алтынды жүз жиырма грамм алтынға немесе бір өлшем жоғары сапалы бидайды үш өлшем төмен сапалы бидайға сату (айырбастау) өсімге жатады. Исламның мұндағы мақсаты – алдануға бөгет болу.

فَقَدْ رَوَى الْبُخَارِي عَنْ أَبِي سَعِيدِ الْخُدُرِي، وَأَبِي هُرَيْرَةَ: أَنَّ رَسُولَ اللهِ - صلى الله عليه وسلم – اسْتَعْمَلَ رَجُلاً عَلَى خَيْبَرٍ فَجَاءَهُمْ بِتَمْرٍ فَقَالَ: (أَكُلُّ تَمْرٍ خَيْبَرَ هَكَذَا؟)، قَالَ: إنَّا لنَأْخُذُ الصَّاعَ مِنْ هَذَا بِالصَّاعَيْنِ، وَالصَّاعَيْنِ بِالثَّلَاثَةِ، فَقَالَ: (لَا تَفْعَلْ، بِعِ الْجَمْعَ بِالدَّرَاهِمِ، ثُمَّ ابْتَغِ بِالدَّرَاهِمِ جَنِيبًا) 

Хазреті Біләл ﴾р.а.﴿ екі өлшем төмен сапалы құрманы бір өлшем жоғары сапалы құрмаға айырбастаған болатын. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Бұл өсімнің нақ өзі ғой. Бұлай істеме! Құрма сатып алғың келсе, өз құрмаңды ақшаға сат. Содан қолыңа түскен ақшаға қалаған құрмаңды сатып ал!» -деп бұйырған еді.

وَرَوَى الْبُخَارِي وَمُسْلِم عَنْ أَبِي سَعِيدٍ، قَالَ: قَالَ: رَسُولُ اللهِ - صلى الله عليه وسلم -: (لَا تَبِيعُوا الذَّهَبَ بِالذَّهَبِ إِلاَّ مَثَلاً بِمِثْلٍ، وَلَا تَشْفَعُوا بَعْضَهَا عَلَى بَعْضٍ، وَلَا تَبِيعُوا الْوَرِقَ بِالْوَرِقِ إلَّا مَثَلاً بِمِثْلٍ، وَلَا تَشْفَعُوا بَعْضَهَا عَلَى بَعْضٍ، وَلَا تَبِيعُوا مِنْهَا غَائِبًا بِنَاجِز)

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: «Айырбас тең мөлшерде болмаса алтынды алтынға сатпаңдар және бірінің мөлшерін екіншісінен артық қылмаңдар. Айырбас тең мөлшерде болмаса күмісті күміске сатпаңдар және бірінің мөлшерін екіншісінен артық қылмаңдар. Және бұлардың қолда жоғын даяр тұрған (қолдағы) нәрсеге сатпаңдар» (Бұхари, Мүсілім).

وَ عَنْ أَبِي رَافِع رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: بِعْتُ خَلْخَالَ فِضَّةٍ مِنْ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، فَوَضَعَ الخَلْخَالَ فِي كَفَّةٍ وَ الدَّرَاهِمَ فِي الْكَفَّةِ الْأخْرَى، فَكَانَ الْخَلْخَالُ أَثْقَلُ مِنْهَا يَسِيرًا، فَأَخَذَ مِقْرَاضًا لِيَقْطَعَهُ، فَقُلْتُ: (الزِّيَادَةُ لَكَ يَا خَلِيفَةُ رَسُولِ الله)، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: (لَا)، ثُمَّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم يَقُولُ: (الزَّائِدُ وَ الْمُسْتَزِيدُ فِي النَّارِ).

Аби Рафиғи ﴾р.а.﴿ Әбу Бәкір Сыддыққа ﴾р.а.﴿ күміс әшекейін сататынын айтты. Таразының бір жағына әшекейді салып, екінші жағына дирхамдарды салғанда, әшекей дирхамдардан аз ғана ауыр салмақ басқанын айтты. Сол кезде Әбу Бәкір Сыддық әшекей-бұйымды кесу үшін қайшы алдыртады. Сонда Әбу Рафи’и: Артығын саған сыйладым,-дейді. Әбу Бәкір:- Жоқ! Мен Алла елшісінен (ﷺ) өсім берушінің, өсім алушының да орны тозақта дегенін естідім,-дейді.

Өсімнің тағы бір түрі қарыздан туындайтын өсімге тоқталсақ. Қарыздан туындайтын өсім бағзы заманнан бері келе жатыр. «Пайыз тек Исламда емес, сәмауи (кітап түскен қауымдар) діндердің яғни, алдыңғы келген хақ діндердің барлығында харам еді. Пайыздың азы да, көбі де харам. Ең үлкен күнәлардан болып табылады» (Мұхаммед Рабхами). Жағдайы келіп тұрса, мұқтаж адамға қарыз берген дұрыс, бірақ өсімсіз беру керек. Мұндай әрекет Исламда жоғары бағаланады. Тіпті, сізге ақша беріп көмектескен адамға дұға жасау керек. әт-Тирмизи риуаят еткен Усама ибн Зайд жеткізген хадисте: Кімде-кім бір адамға жақсылық жасаса, сол адамға айту керек:

بَارَكَ اللهُ لَكَ فِي أَهْلِكَ وَمَالِكَ 

Мағынасы: «Сенің отбасың мен мал-мүлкіңе Алла Тағаланың шапағаты жаусын».

 Өсіммен байланысы бар адамның тапқан табысы қанша көп болғанымен, жиған-тергенінен өзіне еш пайда келтіре алмайды. Яғни, берекесі болмайды. Алла тағала адал атқарылған сауда-саттыққа берекет береді. Адал сауда-саттықпен айналысатын адамға пайдасын арттырады. Хадисте:

وَقَدْ رَوَى الْإِمَامُ أَحْمَد وَابْنُ مَاجَهْ وَالْحَاكِمُ وَابْنِ جَرِيرٍ عَنْ اِبْنِ مَسْعُودٍ - رَضِيَ الله عنه -: "إِنَّ الرِّبَا وَإِنْ كَثُرَ، فَعَاقِبَتُهُ إِلَى قُلٍّ

 «Шындығында, өсім, тіпті көбейсе де оның соңы аздыққа (қорлыққа) айналады». (Ибн Мәжә; имам Ахмад) Көпшілік қауым арасында: «Күнә – пайызбен ақша берген адамға ма, әлде керісінше алған адамға жазыла ма» – деген сұрақ жиі туындайды.

Өсімқорлықтың туындауына себеп болған, өсім берушінің де, өсім алушының да күнәға қатысы бар.

عَنْ اِبْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: «لَعِنَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم آَكِلَ الرِّبَا وَمَوْكِلَهُ» أَخْرَجَهُ مُسْلِم

 Ибн Масъуд ﴾р.а.﴿ айтады: Пайғамбар (ﷺ) өсім  жеуші мен берушіні лағынет еткен». (Мүсілім).

وَأَخْذِهِمُ الرِّبَا وَقَدْ نُهُوا عَنْهُ وَأَكْلِهِمْ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ ۚ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ مِنْهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا 

«Және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары әрі адамдардың малдарын орынсыз жеулері, сондай-ақ олардан қарсы келгендер үшін күйзелтуші азап әзірледік» («Ниса» сүресі, 161-аят) 

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّم قَالَ (لَيْلَةَ أُسْرِيَ بِي سَمِعْتُ فِي السَّمَاءِ السَّابِعَةِ، فَوْقَ رَأسِي رَعْدًا وَ صَوَاعِقَ وَ سَمِعْتُ بَرْقًا، وَ رَأَيْتُ رِجَالاً بُطُونُهُمْ بَيْنَ أَيْدِيهِمْ كَالْبُيُوتِ فِيهَا حَيَّاتٍ تُرَى مِنْ ظَاهِرِ بُطُونِهِمْ. فَقُلْتُ: يَا جِبْرِيلُ! مَنْ هَؤُلاَءِ؟ قَالَ: أكَلَةُ الرِّبَا). رَوَاهُ أَحْمَد.

Алланың елшісі (ﷺ): «Мен Исра түнінде жыландарға толы үй сияқты қарындары бар қауымға жолықтым. Ол жыландар сол қауымның іштерінен сыртқа қарай шығып жатты. Мен Жәбірейілден ﴾а.с.﴿: «Бұл кімдер?» - деп сұрадым. Ол (Жәбірейіл ғ.с.): «Бұлар өсім жеушілер», - деп айтты» (Ахмад). Жалпы, өсім жеушілердің қиямет күнінде қатты азаптармен азапталынатыны жайында хадис-хабарлар көп. Өсім жеушілердің осыншама азапталуының себебі, олардың Алла тағаланың анық аяттарына қарсы шығуларынан болады.

«Алла сауданы халал, өciмді харам еткен» – бұл Құрандағы Алланың сөзі. Олай болатын болса, өсімге жоламайық. Өсімді алмайық та бермейік те, адал ниетпен амал етіп, Алланың ризалығына жететін сауда-саттықпен, кәсіптерімізбен айналысайық. Алла баршамызды харамнан сақтап ізгі жолдан тайдырмасын.

Өмірзақ Бекқожа
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат