Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘР АДАМ ҚАРИ БОЛА АЛАДЫ. Қасиетті Құранның артықшылығы жайлы аяттар

14.09.2015 8266 0 пікір

بسم الله الرّحمن الرّحيم
الحمد لله رب العالمين والصلاة و السلام علي رسولنا محمد و علي اله و صحبه اجمعين

Барлық мақтаулар бүкіл Әлемнің Раббысы болған Алла Тағалаға тән, сондай-ақ, Оның Елшісі Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Алла Тағала айтады:

أَوْرَثْنَا الْكِتَابَ الَّذِينَ اصْطَفَيْنَا مِنْ عِبَادِنَا فَمِنْهُمْ ظَالِمٌ لِّنَفْسِهِ وَمِنْهُم مُّقْتَصِدٌ وَمِنْهُمْ سَابِقٌ بِالْخَيْرَاتِ بِإِذْنِ اللَّهِ ذَلِكَ هُوَ الْفَضْلُ الْكَبِيرُ

“Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйырығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет”. [1]

Алла Тағала бізге Құранды мұра ретінде түсірді, Ол Құранды оқуға, оған ой жүгіртіп, соған сай амал жасауымызды бұйырды. Аллаға мадақтар болсын Ислам дінің тарихында Құранды жаттап, оны басқаларға үйретуде бүкіл өмірлерін арнағандар болғаны хақ. Өйткені олар Алла Елшісінің мына сөздерін білген еді:

إن أفضلكم من تعلم القرآن وعلمه

“Сендердің ең жақсыларың Құранды үйренгердерің және үйреткендерің.»[2]

Ал Құранды толық жаттаған және оны жүрегінде сақтаған адамды исламда “хафиз” деп атайды. Кейбіреулер оны қиын немесе мүмкін емес деп айтулары мүмкін, бірақ ол олай емес. Алла Тағала айтқан:

إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ

” Расында Құранды Біз түсірдік және оны  сақтаушымыз”.[3]

Алла Тағаланың Өзі Құранды сақтаймын деп уәде беруде. Ендеше, Құран жаттаушы және оны жүрегімде сақтаймын деп ниеттенген адам Мейірімді Алла оған көмектеспейді деп ойламауы керек. Әр намазымызда Құранның бір бөлігін жатқа оқуымыз қажет. Алла Тaғаланың Өзі бізден соны қалайды және айтады:
لاَ يُكَلِّفُ اللّهُ نَفْساً إِلاَّ وُسْعَهَا

 “Алла Тағала кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді”[4]

Ия, расыменде Құранды енді жаттап бастаған адам кез келген қиындықтарға жолығуы мүмкін. Осындай сынақтар арқылы адамның ниеті шынайы Алла рызылығы үшін екендігі тексеріледі. Егер Құран жаттаушы адам оны Алланың разылығы үшін жаттайтын болса уақыт өте бастапқы қиындықтар жеңілдеп бастайды. Жүрегіңді тыныштандыру мақсатында мына аятқа назар сал:
فَإِنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْراً  إِنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْرَ

“Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар”[5]

Кез келген адам хафиз бола алады.Бірақ, ол үшін шынайы ниет және мықты ықылас қажет.Мен оқып жүрген шағымда, екі жылдың ішінде Құранды толық жаттаған алпыс жастағы қарияны кездестіргенмін. Оған қоса қырық бес жастағы инженердің жарты жыл ішінде Құранды бастан аяқ жаттағанын естігенмін.

Бұл кітапта келесі тақырыптар қозғалады:

  • Құранды қандай әдіспен жаттаған дұрыс?
  • егер адамның есте сақтау қабілеті нашар болса не істеуі қажет?
  • ұмытшақтықтың себебі неде?
  • жаттау қабілетін қалай жақсартуға болады?
  • күнделікті сабақты қалай дайындау қажет?
  • Құран оқудың әдебі деген не? және тағы басқа сұрақтар.

Қасиетті Құранның артықшылығы

Құранның артықшылығы жайындағы аяттар

(«Рухул-Фурқан» тәпсірінен)

‎اَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم

تَبَارَكَ الَّذِي نَزَّلَ الْفُرْقَانَ عَلَى عَبْدِهِ لِيَكُونَ لِلْعَالَمِينَ نَذِيراً

“Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары”. [6 ]

Алла Тағала Құранды түсіру арқылы бізге ақиқатпен жалғанды ажыратып берді. Кімде-кім ақиқатпен жүргісі келсе Құрансыз болмайды, өйткені Құранды ұстанбай ол адам не нәрсе ақиқат, не нәрсе жалған екенің ажырата алмайды. Олай болса6 әрбір ісімізге қажетті жауапты Құраннан іздейік, себебі біздер өмірімізде туындаған қиыншылықтардан Құрандағы әмірлерді орындап, тыйым салған істерден қайту арқылы ғана құтыла аламыз.
إِنَّ هَـذَا الْقُرْآنَ يِهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ وَيُبَشِّرُ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْراً كَبِيرًا

“Негізінде, осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді”. [7]

Бұл аятта біздің Раббымыз тура жол тек Құранда екенің бізге баяндады. Біз, мұсылмандар бұл бұйрыққа құлақ аспауымыз себебімізден, масқара болудамыз. Сол себепті, біздер басқа адамдарды жақсылыққа шақырудың орнына, басқалар біздерді күнәға шақыруда…

كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ إِلَيْكَ مُبَارَكٌ لِّيَدَّبَّرُوا آيَاتِهِ وَلِيَتَذَكَّرَ أُوْلُوا الْأَلْبَابِ

“(Мұхаммед! ﷺ) Саған бір мүбарак Кітап түсірдік. Олар аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын деп”. [8]

Бұл аятта, Алла Тағала Құранның қандай дәрежеде ұлы кітап, әрі екі дүниенің жақсылығы Құранға еруде екендігін баяндауда. Біздерді Алладан басқаға мұқтаж болмау үшін, сондай-ақ, рухани және материалдық байлыққа қол жеткізуіміз үшін Алла бізге Құранды үйреніп, оны басқаларға үйретуімізге шақыруда. Сондай-ақ, Жаратушы Өз құлдарын Оның кітабына ой жүгіртіп, ақыл иелеріне Соған сай амал жасаулары керектігін баяндайды.

يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءكُم بُرْهَانٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَأَنزَلْنَا إِلَيْكُمْ نُوراً مُّبِيناً  فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا بِاللّهِ وَاعْتَصَمُواْ بِهِ فَسَيُدْخِلُهُمْ فِي رَحْمَةٍ مِّنْهُ وَفَضْلٍ وَيَهْدِيهِمْ إِلَيْهِ صِرَاطاً مُّسْتَقِيماً

“Әй адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік. Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынан мәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады”.[9]

Осы аяттан біздер Алла тарапынан бізге басшылық келгенің және бізде пайда болған мына дүниелік немесе діни сұрақтарға жауаптардың барлығына осы кітаптан табатынымызды түсінеміз.Сондай ақ бұл басшылық нұр екенің және сол басшылық бізге жеткілікті,одан өзе басшылық қажет емес екенің байқаймыз.Содан кейін Аллаһ жәннатты тек иман келтіріп,Оның бұйрықтарына бойұсынған пенделеріне нәсіп ететінің уәде береді.

يَا أَهْلَ الْكِتَابِ قَدْ جَاءكُمْ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمْ كَثِيراً مِّمَّا كُنتُمْ تُخْفُونَ مِنَ الْكِتَابِ وَيَعْفُو عَن كَثِيرٍ قَدْ جَاءكُم مِّنَ اللّهِ نُورٌ وَكِتَابٌ مُّبِينٌ
يَهْدِي بِهِ اللّهُ مَنِ اتَّبَعَ رِضْوَانَهُ سُبُلَ السَّلاَمِ وَيُخْرِجُهُم مِّنِ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِهِ وَيَهْدِيهِمْ إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ

«Әй Кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді.Алла (Т.) кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады». [10]

Бұл аяттардан, Мұхаммед ﷺ қарапайым адам болғанымен тарихтағы ғайып болған оқиғаларды айтқаны себепті, оның күмәнсіз Алланың Елшісі екендігі мәлім болады. Себебі ғайыпты тек Алла ғана біледі және кейбірін Өз Пайғамбарына ﷺ  өзі білдірген.

الَر كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ إِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِ رَبِّهِمْ إِلَى صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ

«Әлиф Ләм Ра. (Мұхаммед! ) Бұл Құран адамдарды, Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап». [11]

فَلَا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَّوْ تَعْلَمُونَ عَظِيم ٌ إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيم ٌ فِي كِتَابٍ مَّكْنُون ٍ لَّا يَمَسُّهُ إِلَّا الْمُطَهَّرُونَ

Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін.Егер білсеңдер, ол, зор серт. Шын мәнінде ол ардақты Құран. Кітапта (Лаухы Махфұзда) сақтаулы.Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды.[12]

Қасиетті Құранды тек таза болғандар ғана ұстай алады, яғни, бойында ғұсыл және дәреті болғандар.Құран ең Ұлы кітап болып табылады, себебі ол жайында Алланың Өзі Құранның Ұлылығымен ант еткен. Сондай-ақ, осы ардақты кітапқа сай өмір сүрген адам жақсылықта болары анық.

الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَنزَلَ عَلَى عَبْدِهِ الْكِتَابَ وَلَمْ يَجْعَل لَّهُ عِوَجَا قَيِّماً لِّيُنذِرَ بَأْساً شَدِيداً مِن لَّدُنْهُ وَيُبَشِّرَ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْراً حَسَناً مَاكِثِينَ فِيهِ أَبَدًا

«Барлық мақтау құлына (Мұхаммед  -ке) Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады. Өте түзу Құран, Алланың қасынан. Қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін (түсірілді).Олар, онда (жаннатта) мәңгі тұрады.» [13]

Ардақты болған Құранда ешқандай жалғандық, келіспеушілік жоқ және бұл кітап- адамзат ұрпағына ұлы мейірім. Құран ескіріп кеткен кітап деп айтатындар сөйлеуші болмасын. Бұл барып тұрған жалған сөз! Ақиқатында Құран бұрмаланбайды және Қиямет күнге дейін сақталады!

وَهَـذَا كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ مُبَارَكٌ فَاتَّبِعُوهُ وَاتَّقُواْ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ أَن تَقُولُواْ إِنَّمَا أُنزِلَ الْكِتَابُ عَلَى طَآئِفَتَيْنِ مِن قَبْلِنَا وَإِن كُنَّا عَن دِرَاسَتِهِمْ لَغَافِلِينَ أَوْ تَقُولُواْ لَوْ أَنَّا أُنزِلَ عَلَيْنَا الْكِتَابُ لَكُنَّا أَهْدَى مِنْهُمْ فَقَدْ جَاءكُم بَيِّنَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن كَذَّبَ بِآيَاتِ اللّهِ وَصَدَفَ عَنْهَا سَنَجْزِي الَّذِينَ يَصْدِفُونَ عَنْ آيَاتِنَا سُوءَ الْعَذَابِ بِمَا كَانُواْ يَصْدِفُونَ

Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер.«Шынайы түрде бізден бұрыңғы (Яһуди, Христиан) екі топқа Кітап түсірілді де біз олардың оқығандарынан мүлде хабарсызбыз» дерсіңдер (деп.)Немесе: «Бізге Кітап түсірілсе, олардан көрі тағы тура жолда болар едік» дерсіңдер деп. Расында сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел, тура жол, мәрхамет те келді. Енді Алланың аяттарын өтірік деп олардан жүз бұрғаннан кім залымырақ? Аяттарымыздан бас тартқандарды бас тартулары себепті жаман қинаумен жазалаймыз. [14] 

إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ

”Расында Құранды Біз түсірдік және оны  қорғаушымыз”.[15]

لَوْ أَنزَلْنَا هَذَا الْقُرْآنَ عَلَى جَبَلٍ لَّرَأَيْتَهُ خَاشِعاً مُّتَصَدِّعاً مِّنْ خَشْيَةِ اللَّهِ وَتِلْكَ الْأَمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ

«(Мұхаммед! ) егер осы Құранды бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болғанын көрер едің. Бұл мысалдарды адам баласы түсінсін деп, келтіреміз.»  [16]

Қараңыздаршы, Құранның ұлықтығынан таулар быт-шыт болар еді. Ендеше, Құранға құлақ аспайтын, бұйрықтарын орындамайытын адамның жүрегі тастан қатты екенің білсін және ол жүрегін жұмсарту жолдарын қарастырсын.

وَإِنَّهُ لَتَنزِيلُ رَبِّ الْعَالَمِينَ نَزَلَ بِهِ الرُّوحُ الْأَمِينُ عَلَى قَلْبِكَ لِتَكُونَ مِنَ الْمُنذِرِينَ بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُّبِينٍ

«Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені. Оны сенімді Рұх (Жебрейіл)келтірді. Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды.Ап-ашық бір арап тілінде». [17]

اللَّهُ نَزَّلَ أَحْسَنَ الْحَدِيثِ كِتَاباً مُّتَشَابِهاً مَّثَانِيَ تَقْشَعِرُّ مِنْهُ جُلُودُ الَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ ثُمَّ تَلِينُ جُلُودُهُمْ وَقُلُوبُهُمْ إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ ذَلِكَ هُدَى اللَّهِ يَهْدِي بِهِ

مَنْ يَشَاءُ وَمَن يُضْلِلْ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ

«Аллаһ Тағала аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды. Бұл (Құран) Алланың тура жолы. Онымен кімді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші болмайды».  [18]

Қасиетті Құран ең жақсы баяндау болғандықтан адам өз уақытын оны оқумен немесе тындаумен өткізуі керек.Терісі тітіркеніп,кейін терісі және жүрегі Аллаһты еске алу арқылы тыныштық табу үшін  барлық назарын соған арнап тындауы керек.бірақ ондай нәтижеге тек тақуалар ғана жете алады.

وَلَقَدْ آتَيْنَاكَ سَبْعاً مِّنَ الْمَثَانِي وَالْقُرْآنَ الْعَظِيمَ لاَ تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَى مَا مَتَّعْنَا بِهِ أَزْوَاجاً مِّنْهُمْ وَلاَ تَحْزَنْ عَلَيْهِمْ وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ

«(Мұхаммед! ) әлбетте біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін) және ұлы Құранды бердік.Кәпірлердің кейбіреулеріне, біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай». [19]

Алла Тағала бізге Фатиха сүресі және Құранды беру арқылы бізге үлкен байлыққа кенелткен болатын. Құран үйренуші адам дүние мүлкі көп болған бай адамды көрсе шаңның салмағындай болсын қызғаныш болмауы керек. Өйткені оның байлығы бір уақытта ғана жоғалып кетеді,ал Фатиха және Құран секілді Алла нәсіп еткен байлықтар сонына дейін қалады.

وَبِالْحَقِّ أَنزَلْنَاهُ وَبِالْحَقِّ نَزَلَ وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلاَّ مُبَشِّراً وَنَذِيراً وَقُرْآناً فَرَقْنَاهُ لِتَقْرَأَهُ عَلَى النَّاسِ عَلَى مُكْثٍ وَنَزَّلْنَاهُ تَنزِيلاً

«Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті. (Мұхаммед) сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік.Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап түсірдік». [20]
…مَا كَانَ حَدِيثاً يُفْتَرَى وَلَـكِن تَصْدِيقَ الَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ وَتَفْصِيلَ كُلَّ شَيْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً لِّقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

«Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ өзінен бұрынғы кітаптарды растайды. Сондай-ақ иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік».  [21]

Қасиетті Құран біреудің ойлап шығарған кітабы емес, оның алдыңғы келген үш кітапты өзіне қамтыған кітап. Құран — иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік. Құранға еш күмәнсіз иман келтірген адам сөзсіз тура жолды таба алады.

إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِالذِّكْرِ لَمَّا جَاءهُمْ وَإِنَّهُ لَكِتَابٌ عَزِيزٌ لَا يَأْتِيهِ الْبَاطِلُ مِن بَيْنِ يَدَيْهِ وَلَا مِنْ خَلْفِهِ تَنزِيلٌ مِّنْ حَكِيمٍ حَمِيدٍ  

«Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар. Шын мәнінде ол, ардақты бір Кітап.Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді (араласпайды). Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген». [22]

Құран әрдайым барлық кітаптардан жоғары тұрады және ұлы кітап болып саналады, өйткені ол Ұлы Алла тарапынан түскен кітап. Алла Тағала Өзінің кітабында титтей де жалғандық жоқ екендігін баяндады. Құран әрбір өзгеруден, адасушылықтан сақталғанын және оның бұйрықтары Қияметке дейін күшін сақтайтынын айтты.

قُلْ هُوَ نَبَأٌ عَظِيمٌ أَنتُمْ عَنْهُ مُعْرِضُونَ

“Бұл бір ірі хабар”. “Сендер Одан бет бұрасыңдар”. [23]

Алла Тағала Пайғамбары Мұхаммедке ﷺүмметіне Құран ең ұлы хабар екендігін жеткізуге бұйырған.Өйткені,ақиқатында,Құран-шынайы ақпараттың көзі,сол арқылы бізге дейін не болғаның,бізден кейін не болатыны жайында және  қазір қалай өмір сүру керектігін біле аламыз.

وَكَذَلِكَ أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ رُوحاً مِّنْ أَمْرِنَا مَا كُنتَ تَدْرِي مَا الْكِتَابُ وَلَا الْإِيمَانُ وَلَكِن جَعَلْنَاهُ نُوراً نَّهْدِي بِهِ مَنْ نَّشَاء مِنْ عِبَادِنَا وَإِنَّكَ لَتَهْدِي إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ  صِرَاطِ اللَّهِ الَّذِي لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ أَلَا إِلَى اللَّهِ تَصِيرُ الأمُورُ

(Мұхаммед! ) саған осылайша әмірімізден бір “Рух” уахи еттік. Сен, Кітап не, Иман не, білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.Ол, көктер мен жердегі нәрселер өзіне тән Алланың жолы. Сақ болыңдар! Істер Аллаға қайтады”. [24]

Қасиетті Құран өлі жүректерді тірілтетін болғандықтан Алла Тағала оны “Рух” деп атаған. Жүректеріңді Құранмен тірілтуге асығындар.

تَنزِيلُ الْكِتَابِ لَا رَيْبَ فِيهِ مِن رَّبِّ الْعَالَمِينَ

“Бұл Кітап, әлемдердің Раббы тарапынан түсірілген. Мұнда шәк жоқ”.[25]

أَفَمَن يَعْلَمُ أَنَّمَا أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَبِّكَ الْحَقُّ كَمَنْ هُوَ أَعْمَى إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُوْلُواْ الأَلْبَابِ

(Мұхаммед! ) шын мәнінде Раббың тарапынан саған түсірілгенді шындық деп білген кісі, соқыр кісімен тең бе? Бұны ақыл иелері ғана түсінеді. [26]

Мақала муфтий Хазірет Камил Самигуллиннің «Каждый может стать Коран хафизом» кітабынан аударылды.


 1. «Әл-Фатыр»сүресі,аят 32.
2. Бухари.
3. «Әл-Хиджр» сүресі, аят 9.
4. «Әл-Бақара» сүресі, аят 286.
5.«Әл-Инширах» сүресі, аяты 5-6.
6.«Әл-Фұрқан» сүресі, аят 1.
7.«Әл-Исра» сүресі, аят 9.
8.«Сад» сүресі, аят 29.
9.«Ән-Ниса» сүресі, аят 174-175.
10.«Әл-Маида» сүресі, аят 15-16.
11.«Ибрахим» сүресі, аят 1.
12.«Әл-Уақиға» сүресі, аят 75-79.
13. «Әл-Қаһф» сүресі, аят 1-3.
14.«Әл-Ән’ғам» сүресі, 155-157.
15.«Әл-Хиджр» сүресі, аят 9.
16.«Әл-Хашр» сүресі, аят 21.
17.«Әш-Шуара» сүресі, аят 192-195.
18.«Әз-Зумар» сүресі, аят 23.
19.«Әл-Хиджр» сүресі, аят 87-88.
20.«Әл-Исра» сүресі, аят 105-106.
21.«Юсуф» сүресі, аят 111.
22.«Әл-Фуссылат» сүресі, аят41-42.
23. «Сад», 67-68.
24.«Әш-Шура» сүресі, аят 52-53.
25.«Әс-Сәджда» сүресі, аят 2.
26.«Әр-Рағд» сүресі, аят 19.

Hanafi.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру