Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қорқор (Кальян) шегу зиян ба?

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 30.01.2018 20249 0 пікір

 

Қорқор (кальян) шегу денсаулыққа аса қауіпті емес деп айтылғанмен, дәрігерлер зерттеулер нәтиесінде оның өкпе ауруын, жүрек қан тамырларының ауруын және рак ауруын тудыруы мүмкіндігін анықтаған.  

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау орталығының жасаған талдау қорытындысы кальянның түтіні кәдімгі темекінің құрамындағыдай мөлшерде қара май мен ауыр метал және көмірқышқыл газынан тұратыны анықталған. Түтікшедегі су никотиннің аздаған мөлшерін ғана ұстап қалады. Бір сағат шегілген кальян 100 тал темекі шеккенмен тең болады.

Естеріңізге саламыз: 

көміртек оксиді (тұншықтырғыш газ), СО түссіз әрі иіссіз газ, көміртек толық жанбаған кезде немесе өзге заттармен араласқанда пайда болады, улы; никотин шылымның құрамында және өсімдіктердің құрамында 2 пайызға дейін болады, шылым шеккен кезде адам ағзасына сіңеді, күшті у.

Аз мөлшерде қолданған кезде жүйке жүйеге әсер етеді, ал егер мөлшерден тыс қолданылған кезде сал ауруын тудырады (дем алуды ауырлатады, жүректің жұмысын тоқтатады). Никотинді ұзақ уақыт аз мөлшерден жұту никотинизмге (никотинге тәуелділік) шалдықтырады.

Денсаулық сақтау мекемелері шылым шегу денсаулыққа зиян деп тапқан, бірақ бұл ескертуден ешкім шылым шегуді тоқтатқан емес. Бұл ойландыратын мәселе әрі оңды нәтиже бермейтін заттарға мемлекеттің қаржысын жұмсау қаншалықты дұрыс, оны азайтудың айла-тәсілдерін қарастыру қажет. Шылым шегушілердің басым көпшілігі бозбалалар мен бойжеткендер, ал олар болашақ ата- ана. Арабтардың басым бөлігі өзгелер секілді кальян шегеді, алайда оған Алла тағала тиым салған, ескерте кетер болсақ, бұл тиым – екі дүниеде де адам баласының өзінің пайдасы немесе зияны болып келетін дүние.

Араб тарихы бай әрі көптеген мыңдықтармен саналады. Белгілі бір тарихи дәуірде ол екі кезеңге айырылады. Біріншісі – ислам діні келгенге дейінгі кезең – поэзияның гүлденген кезі. Екіншісі болса – жандану кезеңі, қоғамдағы адамгершіліктің, жақсы қасиеттердің қайта тіріліп, Мұхаммед пайғамбардың пайғамбарлығы арқылы арабтар ған емес, күллі адамзат бірқұдайылық сенім мен рухани байлық пен адам жанының сұлулығына кенелген кезең.

Олай болса, шығыс биі, кальян шегу секілді дінімізге жат әдеттер ислам діні келгенге дейінгі кезеңде пайда болғандықтан, мұсылман адамның денсаулығы мен санасына кері әсерін тигізеді. Араб халқының тоқсан пайыздан көбі мұсылман дінін ұстанады, дей тұрғанмен де, қандай да бір ұлттың барлығы бірдей жақсы не жаман болады деген қағида жоқ екенін ескерген жөн.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру