Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аманатқа берік болайық

Әйгерім Есқожаева www.muftyat.kz 14.12.2017 5515 0 пікір

 

Аманат – шыншыл, сенімді болу деген сөз. Фиқһ ілімінде сенімді адамға қалдырылған мүлікке аманат делінеді. Аманатты ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару керек. Аманатты сақтамау – мұнафиқтық (екі жүзділіктің) белгісі. Аманаттың маңыздылығын төмендегі хадистерден аңғаруға болады:

«Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру – аманатты жоғалту болып табылады» (Бұхари)
«Аманатты сақтау ризықты арттырады, ал қиянат кедейлікке жол ашады» (Кудаи)
«Аллаһ және Оның расулы аманатты сақтайтын адамды жақсы көреді» (Табарани)

Алла Тағала жанымызды, денені және барлық мүшелерді бізге аманат ретінде берген. Кез келген нығмет аманат болып табылады. Бұл аманаттарды Раббымыздың разылығынан басқа мақсатта қолдану – ол аманатқа қиянат жасау болмақ. Мысалы, бала-шағамыз, жұбайымыз – бізге аманат. Бұл жайлы ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

 «Әйелдер – сендерге берілген Алла Тағаланың аманаты» (Ибн Жәрир)  
«Жұбайларыңды ренжітпеңдер! Ол – Алла Тағаланың сендерге берген аманаты» (Муслим)
«Жұбайының жасырын сырларын басқаларға айту – аманатқа қиянат жасау болып табылады»,- деген.  (Муслим)

Сонымен қатар,

«Қызын пасыққа (күнәһарға) берген адам Алла Тағаланың аманатына қиянат еткен болады. Аманатқа қиянат еткендердің баратын жері – тозақ» (Әбәдийә)
«Кедейлік – аманат. Мұны жасырған адам ғибадат жасаған болады. Кедейлігін жария еткен адам да дін бауырларын қарыздар қылған болады» (Ибн Асакир)
«Сөз – аманат. Жаман сөзді жеткізу (сөз тасу) дұрыс емес» (Әбу Нуайм)
«Сендерге екі аманат қалдырдым: Алланың кітабы және Әһли бәйтім (әулетім)» (Ахмед)

секілді аманатқа қатысты әрі оның маңыздылығын көрсететін пайғамбардың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері мұсылман адамның шынайылығы аманатқа беріктігімен аңғарылатынын білдіруде.

«Ахзаб» сүресінде айтылған аманат – орындалуы сауап және тәрк етілуі жаза болған діннің барлық әмірлері мен тыйымдары. (Жәлаләйн)

Бес уақыт намазға аманат делінген. «Ниса» сүресінің 58-ші аятындағы аманат сөзін Расулулла ғибадат деп айқындап, бес уақыт намазды оқуды бұйырған. (Бәйдәуи)

Аманатқа ақыл және Ислам діні деген мағына берген ғалымдар да болды. Өйткені ақылды адам Ислам дініне мойынсұнады. Демек, ақылды болып, діннің әмірлері мен тыйымдарына бағынған, намаз оқыған адам аманатты сақтаған болады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру