Біздердің ата-бабаларымыз алған, оны тарих жоққа шығармайды. Жетімге қамқор, жесірге пана болам, қолдан келген жақсылығымды жасағым келеді деген ниетте болса, құба-құп. Исламда екі немесе одан да көп әйел алуға рұқсат етілген, оның да өз жолымен өз шарттары бар.
Жалпы жасырын некені жүзеге асыруға болмайды. Некенің шарты бойынша екі куәгер болса жеткілікті ғой, оның ата-анасынан сұрап, әйелімнен рұқсат сұрап, немесе елді жинап жария қылып не қыламыз деуіңіз мүмкін, әрине. Алайда көбінің: Неке шарттары қандай? Қандай жағдайда рұқсат етіледі? Екінші әйелді не мақсатта алып жатырмын? Алла разылығы үшін бе, әлде нәпсі құмарлық үшін бе, - деген сияқты сауалдарды өз-өздеріне қойып анық-қанығына жетуге дәті бара бермейді. Өкінішке орай, кей жастарымыз екінші әйелдікке жас қызды аламын деп өзінің отбасынан айырылып, әйелі жесір, балалары жетім қалып жатқан жайттары да бар. Яки, бұл жерде отбасы берекесі шайқалатындықтан, ислам мұндайды құптамайды.
Әһлу сүннет имамдары Ханафи мазхабының ғұламасы, Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мухаммад, Имам Малик және Имам Шафиғидың (р.а) пікірі бойынша неке қиылу үшін қыздың әкесінің рұқсаты керек.
Қарап отырсақ, жасырынып қиылған неке әлсіз, жауапкершілігі төмен болады. Көптеген отбасында жасырын неке салдарынан қанша бала жетім? Қанша әйел жесір қалды? Қаншама қыз балалардың ары аяққа тапталып, ертеңгі күні өмір бойы опық жеп қалуы әбден мүмкін.
Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.):
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисін үлгі тұтқан дана халқымыз ата-анасының ақ батасын алып, шама-шарқына қарай дастарқан жайып, туған-туыстарды, көрші-қолаңды т.б шақырып, беташар той жасап үйленгендігін жария ету арқылы жүзеге асырған.
Үй-жай, мәселесінде, киім кешек мәселесінде, азық-түлік мәселесінде, күнделікті үйге жұмысалатын қаражатта және отбасыға көңіл бөлу мәселесінде де бөлмей-жармай теңдей қарауы тиіс.
Ол да біреудің аялап өсірген қызы, оның да ата-анасы бар. Ата-ана өзінің қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген қызының адал жарын көргісі келеді, бақытты, баянды өмір сүргендерін қалайды. Сол үшін, әйелдерімізден, ата-аналарымыздан т.б. адамзат балаларынан жасырынып қиылған неке тек нәпсінің қалауы ғана. Шынайы мұсылман қыз ата-анасының алдынан өтіп, ризалығын алып барып неке қидырады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру