
Елімізде тарап жатқан көптеген жат ағымдардың бірі – ата жолы. Кейде мұны «ақ жол», «ақ орда», деп те атайды. Бірақ бәрінің тоғысып келгенде айтатын ұрандары, шақыратын нәрселері бір. Дегенмен, бұл ағымға еріп, адасқан жандар аз емес. Бір адамдар жанұясын тастап осы жолға ерсе, енді біреулері жанұясымен ажырасып шын бақытқа қол жеткізуде. Бұл ағым басқа ағымдар сияқты жарылыстар, қантөгістер ұйымдастырмағанымен, сенім тұрғысында ең үлкен күнәға итермелейді. Ол - Аллаға серік қосу.
Бұл ағымға қатысты шариғат тұрғысында жауап бермес бұрын, ең алдымен олардың шығу тарихы, ұстанымы, сенімдері жайында тоқталсақ. "Ақ жол", "Ата жолы", "аққу", "сұңкар" [1]деген атаулармен белгілі болған аталмыш ағым тұлғалары адамның, ең алдымен психологиялық қалпына ерекше мән береді. Егер адам діни тұрғыда сауатты, білімді болса, ол адамға өздерінің насихаттарын жүргізбейді. Бұл жолға тек рухани тұрғыда әлсіз, жеке пікірі жоқ адамдар ғана түседі.
Бұл ағымға кейбіреулер ауруына ем таба алмағаннан кейін амалсыздықтан енсе, енді біреулер өмірдің аласапыран толқындарына, сынақтарына төтеп бере алмай мысы сынып, осыған жетудің оңай жолын діттеп барады.
Ата жол тілінде бата сұрайтын орындарды "орда" деп атайды. Олардың ойынша, қарапайым адам тікелей Алладан тілек тілей алмайды, міндетті түрде Алланың алдында абыройлы аруағы күшті бабалар арқылы сұрау керек деп сенеді. Мысал ретінде айтатындары: «Сен үлкен бастыққа кірерде тікелей кіре алмайсың, міндетті түрде ол кісіге жақын көмекшісі арқылы кіресің ғой, сол сияқты Аллаға да жасаған дұғаларын жетпейді, міндетті түрде жеткізуші делдалдар болу керек. Міне, олар Арыстанбаб, Бәйдібек баба, Сарыбай ата, Түктібай ата, Жамбыл ата, Айша бибі ана, тағы да сол секілді кейбіреуі құлаққа таныс, таныс емес бабалар. Ал сол ордаларда қызмет ететін ерекше жандарды "аққу", "сұңқарлар" деп атайды. Олар әруақтармен тілдесіп, осылар арқылы қарапайым халыққа бата жеткізуші делдалдар.
Аққу - әйелдердің, ал сұңқар – ерлерге айтылатын атау.
Олар өздерінің жолдарын шариғи тұрғыда қуаттау үшін адамдарға намаз оқыңдар, дәретпен жүріңдер, бастарыңа орамал тағыңдар деген ислам дінінің міндеттерін олар да міндеттейді. Кейбір адамдар осы тұста Алланың берген һидаятымен мешітке барып, ақиқатты ұғып, құтылып кететіндері де кездеседі, бірақ көпшілігі сол орға етпесінен құлауда. Ордадағы жасалатын рәсімдерге келетін болсақ, оған кірмес бұрын дәретті болу керек. Бата беретін бөлмеге өткенде аталарға қолынды төсіңе қойып, бас иіп сәлем беру "парыз". Өйтпесең аталар разы болмай, батасын бермей қоюы да мүмкін. Әрбір ордаға кірген сайын ақша қалдыру міндет. Ақшаны көбірек тастаса, батаның да қабыл болу ықтималдығы көбірек. Әрбір ордаға кірген кезде сол ордадағы бабаларды себепші қылып, Құдайдан жалбарынып, қажетін сұрау керек. Аталардың қабылдау "рәсімінен" өткен соң, ортаға шырақ жағылады. Ауру, дерттеріңнің жазылуын тілеп бойыңды осы отқа аластайсың. Отқа табынушылықтың көрінісін де осы жерден байқауға болады.
Сосын ата-бабаларға бағышталып, Құран оқылады. "Түркістанда - Түмен Баб, Сайрамдағы сансыз баб, бабтардың бабы - Арыстан Баб, 360 әулие-әнбиеге, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, бес ата..." деп бастап, айнала-аймақтардағы таныс-таңсық ата-бабалардың аттарын атап шығады.
Осыдан кейін аққу-сұңқарлар ата-баба аруағын шақыруға кіріседі. Біреу жүрегін ұстап қай әруақ-ата келгенін айтады, енді біреуі қолына қалам-қағаз алып аттарын жазып отырады.
Соңында барлық әруақтарға тұрып "бір сәлем" жасайсың. Аққу-сұңқарлар кезекпе-кезек ортаға шығып, теңселіп тұрып аузынан ақ көбік шашып, қиқулай жөнеледі.
Қара бура, Ақ бура, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Қарасай батыр, Қарашаш ана, Арыстан Баб, Шортанбай, Жамбыл, Сүйінбай, Шәкәрімдердің де батасын тыңдайсың. Әркімнің атын атап, батасын бере бастайды. Аты аталған орнынан тұрып, сәлем беріп, екі қолын жайып, қазықша қатып батасының қабыл болуын тілеп тұрады. Батаға бірнеше рет барғаннан кейін жұрттарды "қажылыққа" аттандырады.
Халық апта сайын, ай сайын автобустармен мазар аралайды.[2] Ордаға алғаш барушылар, ең әуелі, "кіші қажылықтан" өтеді. Жұрт сол аймақтың, өңірдің, облыстың басындағы ел арасында атақ-дәрежесі бар бабалар аруағының мазарларына барады. Ол жерге барғанда Құран оқылып, бата жеткізіледі. Қай мазарға қонақ болып барсаң, ол сені батасымен жарылқайды.
"Кіші қажылықтан" өткен соң, "үлкен қажылықты" атқару қажет. Онда Түркістаннан бастап, сол жердегі дәрежесі үлкен бабалардың мазарын аралайсыз. Жолай Жамбыл бабамыздың мұражайына соғып, Үкаша сахабаның қасынан өтіп, зәмзам судан дәм татасыз. Домалақ ананың, Сарыбай атаның басына Құран бағыштап, Адам Ата мен Хауа ана тасының арасынан өтіп, бір сыналасың. Бесік тастардың құдіретін де тамашалап, Қазығұртқа барып, кемені көресің. Қысқасы, турист болып келесіз. "Ата жолы" - туристік агент рөлін атқарады. Есесіне, аруақтардың батасына көміліп қайтасыз.
Бұл секта қандай мақсатпен құрылған? Бұл дінсымаққа өтушілердің басым көпшілігі кімдер? Басын бір сұққандар одан шырмалып шыға алмай қалатынына себеп не? Ең алдымен, мұндай жолға түскендердің діни сауатының жоқтығын аңғарамыз. Яғни, кешірілмес күнә - серік қосушылыққа жол береді.ввввввввв
Ордаға келушілерді қайтіп кетіп қалмас үшін екі әдіспен ұстайды: бірі - ынталандыру, екіншісі - қорқыту.
"Пәлен жерде пәлен бабаңның берер сыйы бар, сонда барып құрбандығыңды шал. Астыңа - тақ, басыңа - бақ береді. 25 күнде жетпесең сынағың тұр басында: көк телпектен (полиция), ақ телпектен (дәрігер), темір тұлпардан, ақ қағаздан (құжат)". Осы сөздерге иланған адамдар жынның сөзіне сеніп, Түркістанға қарай асығады. Білімсіз жұрт "бармай қойсам, аруақтың сынағы келіп қала ма" деп қорқады. Амалсыз барады. Ақшасы болмаса, табады.
Орданың айналасына адам жинау әдісі де жақсы қарастырылған. "Пәленше деген біреуің бар екен. Соның басына іс түсті. Ордаға әкел, әкелмесең қор болады, әкелсең жолы болады" деп біреуді саған аманаттайды. Сосын "аманат түбі - қиянат" деп тағы қосып қояды. Қазақта не көп, туыс көп. Сол туыстардың арасынан аталған есімді біреу табылады, әйтеуір. Сен оны ордаға тартасың, ол жақындарын, достарын тартады. Сөйтіп, жынның арбауына ерушілердің қатары да көбейе бастайды.
Түркістанға кем дегенде 2 рет барып келушілер Қаскелеңге келіп "жүректерін ашқызады". Яғни, сұңқар мен аққу болып келеді. Олар келіп орда ашады да, тағы да маңайына адам жинайды. Сөйтіп, циклды түрде жалғаса береді.
"Ата жолының" түбінде ақыл салып көрген адам қайнаған бизнес жатқанын байқады. Oriflame, Amway, Mary Kay үлгісіндегі "желілік бизнес". "Платина", "рубин", "бриллиант" деген сияқты "аққу", "сұңқар" деген атақты аласың да, артыңнан адам кіргізесің. Семинар маркетингтерге жібергендей, Түркістанға жібересің. Бұл да тура соның жүйесі. Әр адам басынан құрбандыққа деп ақша алады.
Ислам дінін жамылып жүрген бұл топтың түпкі мақсаты түсінікті болды. Ол елді қанау, осы арқылы ақша табу. Елді тура жолдан адастыру. "Ата жолы" деп, бабалар жүрген жол деп елді азғыру.
Ең алдымен, адамдардың бұл жолға түсуіне басты себеп – діни сауатсыздық, Абай айтқандай: "Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың?".
Осыған қатысты Құран аяттарын мысалға келтірер болсақ, Алла Тағала:
وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنْ حَبْلِ الْوَرِيدِ
Біз адам баласына күре тамырынан да жақынбыз[3]
Басқа бір аятта:
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجِيبُوا لِي وَلْيُؤْمِنُوا بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ
Мен оларға ақиқатында жақынмын. Менен тілек тілесе, қабыл аламын[4]
Дұғаның қабыл болуы немесе қабыл болмауы орда басындағы аталардың мейірімі түсіп, қолдауымен емес – адамның шариғат үкімдерін қаншалықты деңгейде орындағанына байланысты. Пенде Алла Тағаланың үкімін орындағанына қарай, оның тілегі де қабыл болу ықтималдығы артады. Дұғаның қабыл болу шарттары мен әдептері:
1-Ықыласпен жасау. Ықылас дегеніміз, Алла Тағалаға серік қоспай, әрі ниетін риадан (көрсетіп істеу) таза ұстап, бір ғана Алланың разылығы үшін жасау, Одан ғана сұрау. Бұл дұғаның қабыл болуының ең бірінші шарты.
(وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاءَ)
(Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындайды)[5].
Дұға жасаушы адам Аллаға серік қосудан сақтану керек. Алла тағала Құран кәрімде:
(قُلْ إِنَّمَا أَدْعُو رَبِّي وَلَا أُشْرِكُ بِهِ أَحَدًا)
((Ей, Мұхаммед!) "Мен өз Раббыма дұға қыламын және Оған ешкімді серік қоспайман"-де)[6]
Пайғамбарымыз (ﷺ) бір хадисінде:
(إِذَا سَأَلْتَ فَاسْأَلْ اللهِ، وَإِذَا اِسْتَعَنْتَ فَاسْتَعَنْ بِاللهِ)
"Егер сұрасаң Алладан сұра, егер жәрдем тілесең Алладан жәрдем тіле!"[7].
2-Харамнан алыс болу. Дұға қабыл болуының шарттарының бірі – адамның харамнан алыс болуы жеген тағамы, киген киімі, тапқан табысы адалдан болу. Алла тағала Құран кәрімде:
{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُلُواْ مِن طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ}
(Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер.)[8]
Харам аспен тамақтанып, киім киіп, жанұясын асыраған адамның дұғасы қырық күн бойы қабыл болмайтыны жөнінде Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінде баян етілген.
3- Дұғадағы шынайылық. Адамның Аллаға жасаған дұғасы жүрегіннен шынайы түрде шығуы ләзім. Пайғамбарымыздың (ﷺ) мүбарак хадисінде:
(اُدْعُوا اللهَ وَأَنْتُمْ مُوقِنُونَ بِالْإجَابَةَ، وَاعْلَمُوا أَنَّ اللهَ لَا يَسْتَجِيبُ دُعَاءً مِنْ قَلْبٍ غَافِلٍ لَاهٍ)
("Алланың жауап беретініне кәміл сеніп, дұға қылыңыздар, сондай-ақ Алланың, жүрегі өзге нәрсеге алаңдаулы, бейқам, қаперсіз жанға жауап бермейтінін біліңіздер")[9]
4- Қарапайымдылық таныту. Дұға тілеуші пенде дұға тілеу сәтінде өзінің Алланың алдында төмен екенін көрсете білуі қажет. Алла тағала Құран кәрімде:
(ادْعُوا رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً إِنَّهُ لا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ)
(Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді.)[10]
5-Аллаға Құран мен Сүннетте келген дұғаларды қолданып жалбарыну. Құран аяттары – сөздердің ең қадірлісі, құрметтісі, әрі ең дұрысы ал, Пайғамбарымыздың (c.а.у) сөзі – Құраннан кейінгі ең ұлық сөз. Құран мен Сүннеттегі дұғаларды пайдаланып, жалбарыну оның қабыл болуының ықтималдығын арттырады.. Мысалы Құранда Алла Тағала:
(وَمِنْهُم مَّن يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ)
(Адамдардың кейбірі:"Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ отынан сақта"-дейтіндер бар)[11]. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дұға қылатын: "Я Алла, амандығымның кепілі болған дінімді дұрыстай гөр және менің бұл дүниедегі өмірімді дұрыстай гөр, сондай-ақ менің Өзіңе қайтып оралғандағы ақыреттік өмірімді дұрыстай гөр, әрі менің өмірімді жақсылықтардың қосымшасы қыла гөр, ал, менің өлімімді күллі жамандықтардан құтылуым қыла гөр".[12]
Кейбір ақорда, ақжол, атажол жетегінде жүргендер дұға жасау барысында Құранда, хадистерде келген дұғаларды қолданбай, өздерінің ойларынан шығарған ата-бабалардан деген жалған баталарды қолданады. Әсіресе, дұғаларында Қыдыр ата, Арыстанбаб, Айша бибі қолдасын деген сөз тіркестері жиі кездеседі.
6- Дұға жасағанда шектен шықпау, тек жақсылыққа бағытталу. Дұға жасаушы адам Алланың тыйым салғанына немесе ұнамсыз болған амалдарға дұға жасамауы ләзім, өйткені ол шектен шығушылық болып табылады. Алла тағала Құран кәрімде:
(ادْعُوا رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً إِنَّهُ لا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ)
(Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді.)[13]
7- Алланыңкөркем есімдерімен дұға қылу. Раббымыз былай деп әмір етті:
(وَلِلَّهِ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ فَادْعُوهُ بِهَا)
(Алланың көркем есімдері бар. Оған сол есімдермен дұға қылыңыздар!)[14]. Алланың «99» есімі әр түрлі мағына беруіне байланысты адамның басына түскен әртүрлі жағдайларда соған сәйкес мағыналы есімімен дұға тілеуіне болады. Мысалы әділдікті талап еткенде «ия Әділ» деп, кешірім сұрағанда «ия Ғаффар» деп, ризық-несібесінің кеңеюін қаласа, «ия Раззақ» деп тілегені абзал.
Сол секілді Алланың ризалығы үшін жасалған ізгі істерді дәнекер етіп жалбарынуға рұқсат. Осыған орай Пайғамбарымыз (ﷺ) мына оқиғаны баяндаған еді: "Бірде сендерге дейін өмір сүрген үш адам жолға шығып, сапарда жаңбырдан пана іздеп бір үңгірге келіп паналады. Алайда олар үңгірге кірген кезде таудан бір тас домалап түседі де, одан шығар жолды тығыздап жауып тастайды. Сонда олар: "Ақиқатында бұл тастан сендерді Алла Тағалаға өздеріңнің ізгі істеріңді дәнекер етіп, сол үшін Оның сендерді осы қиыншылықтан құтқаруын тілеп, жалбарынуларың ғана құтқарады!"-десті. Содан соң олардың бірі өзінің бала-шағасынан да, үй-қызметшілерінен де бұрын ата-анасын тамақтандырып, Алла ризалығы үшін әке-шешесіне айрықша қамқорлық көрсеткенін айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Алла Тағалаға жалбарынған кезде, тас аздап жылжиды. Содан кейін екінші жолаушы өзінің бір қызға өлердей ғашық болғанын, бірақ оның оң қабақ танытпағанын, сол арудың қуаңшылық жылы қатты тарыққан кезінде, ақша үшін жігіттің еркіне көнуге келісім бергенін баян етеді. Дей тұра қыз мұның Алладан қорқуы керектігін есіне салған кезде, Алладан қорыққандықтан ғана әлгі аруға берген ақшасын да алмастан, мүмкіндікті пайдаланбай, оны жібере салғанын айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Алла Тағалаға жалбарынған кезде тас тағы біраз жылжиды, бірақ үңгірден шығу мүмкін емес еді.Кезек үшінші жолаушыға жетеді. Ол басынан өткен мына жағдайды баяндайды. Өзі жұмысқа жалдаған малайларының бірі еңбекақысын алмай кетіп, арада уақыт салып, қайта оралып, ақшасын сұрағанда, ол жоқта әлгінің еңбек ақысын пайдаланып, көбейткенін, кейін ол ақшаға көптеген мал-дүние алғанын әңгімелеп, сол түйелерді, сиырларды, қойларды, қызметшілерді көрсетіп, осының бәрін ақысын сұрап келген әлгі адамға бергенін, мұны тек Алланың ризалығы үшін істегенін айтып, көмек сұрап жалбарынғанда, тас олар үңгірден шыға алатындай жерге дейін жылжиды".[15] Бұл хадистен ізгі істің Алла алдында қаншалықты жоғары дәрежеге ие болатынын аңғара аламыз. Алланың разылығынан басқа ниетпен жасалған кез-келген ізгі амал қабылдан емес. Мұның ішіне Ата жол және басқа да жолдағылардың әрбір орданың басына барып құрбан шалуларын мысалға келтіруге болады, өйткені Алланың разылығынан басқа нәрсені мақсат етіп, құрбан шалатын болса, ол құрбаны харам құрбанға кіреді. Алла тағала Құран кәрімде:
حُرِّمَتْ عَلَيْكُمُ الْمَيْتَةُ وَالدَّمُ وَلَحْمُ الْخِنزِيرِ وَمَا أُهِلَّ لِغَيْرِ اللَّهِ بِهِ
Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды.[16]
8-Дұға жасаушы дәретті болу және қолын жоғары көтеріп дұға жасауы. Дұға жасаушы құл дұға жасарда дәрет алып, құбылаға қарап, қолын көтеріп дұға жасағаны абзал. Пайғамбарымыз (ﷺ) хадисінде:
"إنَّ اللهَ حَييٌ كَريمٌ، يَسْتَحِي مِنْ عَبْدِهِ إِذا رَفَعَ إلَيْهِ يَدَيَهِ أَنْ يَرُدَّهُمَا صَفَراً"
"Шын мәнінде, Алла Ұялушы және Жомарт. Егер Оның құлы Оған екі қолын жоғары көтеріп дұға қылса, оларды (екі қолын) құр қайтаруға ұялады"[17].
Бұл жердегі қолын жоғары көтеріп, дұға тілеудегі мағына Алла тағаланың мекеніне емес, керісінше оның мәртебесінің жоғары екенін меңзейді. Сонымен қатар, дұға тілеуші адамның қолын жайып, бетін сипауы сүннет амалдардан болып табылады.
( سَلُوا اللهَ بِبُطُونِ أكُفِّكُمْ وَلا تَسْأَلُوهُ بِظُهُورِها فَإذا فَرَغْتُمْ فَامْسَحُوا بِها وجُوهَكُمْ )
«Алла тағаладан сұрағанда алақандарыңның ішімен сұраңдар сыртымен сұрамаңдар, дұға жасағаннан кейін беттеріңді сипаңдар»[18].
Сондай-ақ, мұсыламанның дұғасы қабыл болу үшін қасиетті орындар мен сәттерді ескергені жөн.
а) Түннің соңғы үштен бір бөлігі (яғни, таң сәрі кезінде). Дәлел: Алла тақуа пенделерін сипаттай келіп былай деді:
(الَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا إِنَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ ﴿١٦﴾ الصَّابِرِينَ وَالصَّادِقِينَ وَالْقَانِتِينَ وَالْمُنفِقِينَ وَالْمُسْتَغْفِرِينَ بِالْأَسْحَارِ)
(Олар, Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізді кешір де от азабынан сақта"-дегендер. Олар сабыр етушілер, шыншылдар, бойұсынушылар, Алла жолында малын сарп қылушылар және таң сәріден кешірім тілеушілер)[19].
б)Жұма күнгі бір сәт. Пайғамбарымыз (ﷺ) хадисінде келгендей:
إِنَّ فِي الْجُمُعَةِ سَاعَةً لا يُوَافِقُهَا عَبْدٌ مُسْلِمٌ يَسْأَلُ اللَّهَ فِيهَا خَيْرًا إِلا أَعْطَاهُ إِيَّاهُ
(Осы күні бір сәт бар. Егер мұсылман сол уақытта қайырлы нәрсе сұраса, сұрағанын береді)[20].
Сол секілді қасиетті Рамазан айы, қадір түні, ораза, құрбан айттарында тілеген дұғалардың қабыл болу ықтималдығы жоғары. Жерлердің ішінде ең қасиеттісі Меккедегі Харам мешіті, Мединадағы Пайғамбарымыздың (ﷺ) мешіті және Ақса мешіті және Арафатта, Муздалифада тілеген дұғалар қайтарылмайтыны жөнінде хадис шарифтерде анық дәлелдер бар.
Қазіргі қоғамдағы кейбір қауымның Түркістанды қасиет тұтып, екінші Мекке атайтындар кездеседі. Оңтүстік өңірлерге жол түсіп, барып жатса, Құран оқытып, дұға жасаудың еш айыбы жоқ, ал арнайы барып, мінәжат қылу шариғатта құпталмаған әрекет. Исламда тек үш мешітке арнайы сапар шегіп, аттануға болады. Пайғамбарымыз (ﷺ):
(لَا تُشَدُّ الرِّحالُ إلَّا إلَى ثَلَاثَةِ مَسْجِدٍ: مَسْجِدِي هَذَا، وَالْمَسْجِدُ الْحَرَامُ، وَالْمَسْجِدُ الْأقْصَى)
(Тек үш мешітке бару үшін сапар шегуге болады: бұл мешіт (Пайғамбар (ﷺ) мешіті) харам мешіті, Ақса мешіті (Ирусалимдегі мешіт).[21]
Жоғарыда көріп отырғанымыздай өзін мұсылман деп санайтын әрбір пенде өзінің мінәжатын тек Аллаға арнау керек, тек одан ғана сұрайды. Бес уақыт намазда үзбей оқитын Фатиха сүресінде біз әрдайым:
Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз![22]дейміз. Дінді тереңнен толғап, түсіндіретін Абай шығармаларында да солай. "Алла бір, Құран шын, Пайғамбар хақ, Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ!", - делінеді. Ата жолда деушілердің шақыратыны аруақ, жалбарынатыны да аруақ. Олардың аруақ деп жүргені «рух» жан, «аруақ» жандар. Олар айтып жүрген аруақ адам баласы бұл өмірден өткеннен кейін оның тірілерге шарапаты, пайдасы болмайды. Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді:
إِن تَدْعُوهُمْ لَا يَسْمَعُوا دُعَاءَكُمْ وَلَوْ سَمِعُوا مَا اسْتَجَابُوا لَكُمْ ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ يَكْفُرُونَ بِشِرْكِكُمْ ۚوَلَا يُنَبِّئُكَ مِثْلُ خَبِيرٍ
Егер өлілерге жалбарынсаңдар, олар сендердің дауыстарыңды естімейді. Олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан бас тартады. Алладан басқа сендерге ешкім хабар бере алмайды[23].
Басқа бір аятта:
فَإِنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَىٰ وَلَا تُسْمِعُ الصُّمَّ الدُّعَاءَ إِذَا وَلَّوْا مُدْبِرِينَوَمَا أَنتَ بِهَادِ الْعُمْيِ عَن ضَلَالَتِهِمْ ۖ
Рас, сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ, бет бұрып бара жатқан саңырауларға дауыс естірте алмайсың.[24]
Сол себепті, шипамыздың емін іздеу барысында әулие араламай тек Алладан сұрауымыз қажет. Алла таға Құран кәрімде:
(ٱلَّذِى خَلَقَنِى فَهُوَ يَهْدِينِ ﴿ ٧٨ ﴾ وَٱلَّذِى هُوَ يُطْعِمُنِى وَيَسْقِينِ ﴿ ٧٩ ﴾ وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ)
("Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді."(79) "Ол, маған жегізеді де, ішкізеді."(80) "Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді.")[25]
Имам әш-Шафиғи бір сөзінде: «Ғылым екеу-ақ: дәрігерлік пен фиқһ. Дәрігерлік тәнге, фиқһ дінге қажет ғылым» ,-деген екен. Алла тағала Құран Кәрімде:
(وَنُنَزِّلُ مِنَ ٱلْقُرْءَانِ مَا هُوَ شِفَآءٌۭ وَرَحْمَةٌۭ لِّلْمُؤْمِنِينَ ۙ وَلَا يَزِيدُ ٱلظَّـٰلِمِينَ إِلَّا خَسَارًۭا)
(Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.)[26]
Құран біздің жаралы жүрегіміздің жалғыз ғана шипасы. Алланың кәламын тиләуат еткенде, оның аяттарының нұры жүрегімізге еніп, дертімізге дауа береді. Құранның ләззатын, оның құдіретін сезінген мұсылман баласы оны күнде оқудан жалықпайды. Сонымен қатар, Құранды жанымыздың дертінен бөлек, тәнімізге шипа болу үшін де оқуға болады.
Шариғат рұқсат ететін ем жолдары: Құран аяттарымен дем салу және дәрігерлік (медицина) кеңесті, дәрі-дәрмекті қолдану.
Әз-пайғамбар (ﷺ.) бір сөзінде:
(لكلِّ داءٍ دواءٌ فإذا أُصيبَ دواءُ الداءَ برأ بإذن الله عزّ و جلّ)
«Әрбір дерттің бір дауасы бар. Егер дауа дертке дөп тисе Алла тағала қалауымен науқас ауруынан айығып кетеді»,[27]-деген.
Алла тағала өзінің мейірімімен ауырған құлына рақымын төгіп, ауырған кезде оның күнәларын кешіріп, оған сауап жазады.
Айша (р.а.) анамызриуаят еткен хадисте:
(ما من مسلمٍ يُشاك شوكةً فما فوقها إلاّ كُتِبتْ له درجةٌ و مُحِيَتْ عنه بها خطيئةٌ)
Яғни: «Мұсылманға кірген тікен және басқа нәрсе себепті оған бір сауап жазылып, бір күнәсі кешіріледі»[28],-деген.
Басқа бір хадисте:
(مَنْ يُردِ الله به خيرًا يُصبْ منه)
Мағынасы: «Алла тағала кімге жақсылық қаласа оған бір қиындық береді»,[29]-деп айтылған.
Демек, аурудың өзі дәрігер тәрізді. Ол біздің көзімізді ашады. Қолда бар нәрсені қадірлеуді үйретеді. Пайғамбарымыз ауруға зиярат еткен кезде ауру адамға айтқан мынандай дұғасы бар:
(فَقَالَ لَهُ:" لَا بَأْسَ طَهُورٌ إِنْ شَاءَ الله")
«Еш уайымдама Алла қаласабұлтазалану»[30]деген. Әлбетте ауру адамның ынсап көзін ашып, өзінің жағдайына қанағатшылдықпен қарайтын болады. Ол да Алланың адам баласына берген бір нығметі.
Әрине, барлық емшілерді даттауға болмайды, олардың да арасында емшілікті терең зерттеп, неше алуан шөптердің тамырлары мен жапырақтарынан тұнбалар жасап, Алланың қалауымен емдейтіндер, бұл міндетті аманат етіп алып біздің өмірімізге жеткізгендер бар. Сондай-ақ, Құран аяттарының сырларын түсініп, Пайғамбарымыз (ﷺ) үйретіп кеткендей дем салып, емдейтін де емшілер бар.
Сонымен қатар, адамдарды алдап, көзбояушылықпен емдейтіндер де кездеседі. Ондай адамдар көп жағдайда жындармен байланысы бар. Оны олар білмеуі мүмкін немесе біліп, жасыруы мүмкін. Cүлеймен пайғамбардың қиссасында келгендей Балқис патшайымның тағын кім бірінші әкеледі дегенде бір жын мен сіз орныңыздан тұрғаныңызша алып келемін деді. Енді бірі сіз көзіңізді ашып-жұмғанша алып келемін деп айтуы жындардың Алланың қалауымен берілген аса зор жылдамдық иесі әрі құдірет иесі екенінің дәлелі. Ол жайында Құранда:
(قَالَ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلْمَلَؤُا۟ أَيُّكُمْ يَأْتِينِى بِعَرْشِهَا قَبْلَ أَن يَأْتُونِى مُسْلِمِينَ ﴿ ٣٨ ﴾ قَالَ عِفْرِيتٌۭ مِّنَ ٱلْجِنِّ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن تَقُومَ مِن مَّقَامِكَ ۖ وَإِنِّى عَلَيْهِ لَقَوِىٌّ أَمِينٌۭ ﴿ ٣٩ ﴾ قَالَ ٱلَّذِى عِندَهُۥ عِلْمٌۭ مِّنَ ٱلْكِتَـٰبِ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن يَرْتَدَّ إِلَيْكَ طَرْفُكَ ۚ فَلَمَّا رَءَاهُ مُسْتَقِرًّا عِندَهُۥ قَالَ هَـٰذَا مِن فَضْلِ رَبِّى لِيَبْلُوَنِىٓ ءَأَشْكُرُ أَمْ أَكْفُرُ ۖ وَمَن شَكَرَ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِۦ ۖ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ رَبِّى غَنِىٌّۭ كَرِيمٌۭ ﴿ ٤٠ ﴾)
( "Әй қауым! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тағын маған қайсың әкелесіңдер?",- деді.(39) Жындардан бір ғыприт: "Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін", деді.(40) Сондай өзі кітап ғылымына ие біреу де: "Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: "Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мұқтаж емес), өте жомарт.")[31]
Олар, яғни жындар үшін мыңдаған шақырым жерге барып қайту бір мезеттің ісі. Қазіргі кездегі кейбір көріпкелдердің өзіне келген адамдар жайында толық мәлімет білуі осы жындардың көмегі арқылы жүзеге асады. Ол көріпкел жын кірген адам ішінен сезеді, екінші бір күштің оған сыбырлап айтып жатқанын, алайда ол өзінше жорамалдайды. Өзінің бойында керемет қасиет пайда болғандай сезінеді, бұл сыбырлап жатқан менің аталарым ба деген ой келеді!.... Сөйтіп, ол өзін көріпкел, балшымын деп жариялайды. Құран кәрімде Нас сүресінде ол жайында:
(مِن شَرِّ ٱلْوَسْوَاسِ ٱلْخَنَّاسِ ﴿ ٤ ﴾ ٱلَّذِى يُوَسْوِسُ فِى صُدُورِ ٱلنَّاسِ ﴿٥﴾ مِنَ ٱلْجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ ﴿ ٦ ﴾)
(4) «Сыбырлап азғырушыныңоооо кесірінен,»(5) «Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»(6) «Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.)[32]
Көріпкел, балгерге келетін болсақ, бір-біріне жақын синонимдес ұғымдар, екеуі де болашақты болжайды. Бұл жерде ескерте кететін жайт, кейбір атақты жырау билеріміздің мысалға айтқанда Мөңке би, Майқы би, Бұқар жырау бұлардың болашақ жайында айтқан жорамалдары Құран аяттарымен Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерімен сабақтасып келген. Көріпкелдер көп жағдайда ешбір құралдың көмегінсіз болжауларын жасайды, ал балшы болса, карта калодалары, құмалақ, ай-жұлдыздарға қарап, тіпті кофенің көпіршігімен де ашады.
Кей кезде балгерлердің айтқанының дәл келуін олардың жындармен байланыста болғанымен түсіндіруге болады. Жындар көбінесе рухани төмен тәні лас адамдарға кіреді. Көп жағдайда кәпір жындар өздеріне дос ретінде кейбір адамдарды әдейілеп таңдап алады. Сөйтіп оларды алдап‑арбау арқылы, түрлі айлакерлік әдістермен өз ырқына көндіреді. Көбіне біз мұндай жандарды балшы, бақсы, тәуіп деп те айтамыз. Негізінен жындар ғайыппен байланысты мағлұматтардан бейхабар екені анық, олар тек адамдарға белгісіз кейбір мәліметтерді ғана жеткізе алады. Көбіне олар, көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасайды. Осы тыңшылықтан алған мәліметтерін жердегі достарына өтірік қосып жеткізеді. Ал жындардың көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасауы жайында Құранда:
وَأَنَّا لَمَسْنَا ٱلسَّمَآءَ فَوَجَدْنَـٰهَا مُلِئَتْ حَرَسًۭا شَدِيدًۭا وَشُهُبًۭا ﴿ ٨ ﴾ وَأَنَّا كُنَّا نَقْعُدُ مِنْهَا مَقَـٰعِدَ لِلسَّمْعِ فَمَن يَسْتَمِعِ ٱلْءَانَ يَجِدْ لَهُۥ شِهَابًۭا رَّصَدًۭا ﴿ ٩ ﴾ وَأَنَّا لَا نَدْرِىٓ أَشَرٌّ أُرِيدَ بِمَن فِى ٱلْأَرْضِ أَمْ أَرَادَ بِهِمْ رَبُّهُمْ رَشَدًۭا ﴿ ١٠ ﴾
«Әрине көкке қарманғанымызда оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық, Әлбетте тыңдау үшін аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді. "Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?"»[33]
Көріпкел, балшыларға барудың шариғаттағы үкімі: Егер олар ғайыпты білеміз дейтін болса, олардың үкімі күпір және адасу болады. Имам Муслим өзінің
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2016
9536
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру