Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Кока Кола» атауы немесе жазылуындағы ақауы

23.09.2015 15726 0 пікір

Бұрындары сирек естуші едік, соңғы кезде газды сусын «Кока-кола»-ның негізгі тауарлық белгі жазуының теріс оқылғандағы жайлы сауал жиі қойылып, әлеуметтік желілерде шарлап кетті. Осы орайда қолға қалам алып астарын зерттеп көруге тырысқан едік.

Бүгінгі күні көп тілге тиек етіліп жүрген мәселелердің бірі осы «Coco Cola» сөзі болып отыр. Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Фрэнк Робисон атты кісі «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан екен. Бірақ осы көркемделіп жазылған жазуды керісінше айнадан қарағандай төңкеріп оқитын болсақ (Лә мухаммад Лә макка) деген арабша жазу шығады мыс. Әрине логикалық тұрғыда ой жүгіртіп ұқсатуға болғанымен негізінде дәлірек ұқсамайды. Тіпті бұл сөздің көркемделіп жазылуы мен шығу тарихына көз жүгіртсек те әсте олай еместігін байқаймыз.  

Әрине бұл «Coco Cola» жазуы керісінше қарағанда араб тіліндегі басқа мағынадағы жазуға ұқсатқанымызбен басқа тілде басқаша жазуға не ұғымға сәйкес келуі мүмкін. Мысалыға осы тақырыпты зерттей отырып бұл «Coco Cola» компаниясы өз өнімін Қытайға шығарғанда «Кока-Кола» атауы ол жақта да мәселе туындатқан екен. Бұл атауды дәл солай аталуын қалап, ол қытайша  не мағына беретініне көңіл аудармастан «Кока Кола» деп қалдырған екен. Алайда бұл сөздің оқылғандағы дыбысы қытайша жаман мағына аңғартатынын кейіннен біліп, атын өзгерту үшін «Кока-Кола атауына ұқсасатын сөзге бәйге жариялайды. 200 дей иероглифтен құралған атаулардан жақынырақ ұқсас атау табалмағандықтан, естілуіне жақынырақ деп «可口可乐» (ке-кекоу-ле) – дегенді таңдап алған екен. Байқағанымыздай керісінше аударғанда арабша бір сөзге ұқсатуға болғаны мен қытай тілінде өзге жаман ұғымды сөзге ұқсайды. Сол сияқты өзге тілде немесе логикалық ой жүгіртіп тағы да бір қырынан зерделеп көрсек басқа да ұғым беруі әбден мүмкін.  Олай болса осындай мағына береді екен деп дау-дамайға барудың еш негізі жоқ. 

Енді бұл сөздің бастапқы ойлап табылған кезеңдеріне жүгініп көрелік. Аталуы жоғарыдағыдай мәселені астарлап емес өнім жасалатын өсімдіктерге байланысты алынғанын көреміз. Негізгі «Coco Cola»  сөзінің шығу тегі сусынның дәмін ерекшелендіретін «Cоса» деген жапырақ пен «Kоlаntus» деп аталатын жаңғақшадан жасалатындықтан о баста ақ «Кока Кола» аталған екен. Демек арабшаға (Лә Мухаммад, Лә мәкка) ұқсайтын бұл атау о бастан ақ негізгі қоспаларына байланысты аталған.

 

Бұл өзгелерді кемсіту үшін ойлап табылған атау емес, бәлкім біреулер ұқсастық көріп іріткі тудыру үшін дәлірек ұқсамайтын жазуды теріс бұрып, көркемделген «Кока-Кола» сөзінің кей сызықтарын өшіріп тастап, ұқсатуға тырысып баққан болуы керек. Сондықтан болмашы нәрсеге бас қатырып, ондай екен, мұндай екен деп әр нәрсеге бас қатырудың жөні жоқ.

Тағыда бір дәлел ретінде бұл «Коко-Кола» жазуының шыққан тарихына көз салып көрелік:

Байқағанымыздай бұл жазу 1986 жылдан бастап 1900 – жылға дейін қарапайым жазумен ақ жазылған. Егер де жоғарыдағыдай біз сөз етіп отырғандай теріс пиғылмен шыққан болса о бастан ақ 14 жыл күтпестен сол ойларын іске асырар еді. Кез келген сауда белгілері уақыт өтуімен жаңарып, көркемделіп тұратындықтан бұл компанияның логотипі де көркем жазуды меңгерген Фрэнк Робисонның қолымен көркемделіп ұсынылған. Жоғарыдағыдай негізсіз пікірлерді бұл жоққа шығарады емес пе?!

Діни кемсітушілікке қатысы жоқ нәрселерді дінге қатыстырып мұсылмандардың ойын осындай бір болмашы нәрселерге бұрып қою үшін мұны кейбір дін жауларының ойлап тауып жүрген логикалары деп білемін.

Ой жүгіртіп көретін болсақ өзге де өнімдердің атауы немесе логотипі осы сияқты мәселелер тудырған. Дәлірек айтқанда ойдан құрастырылған. Бір күні өзекті сауалдарға бұл да айналып келуі үшін бір екеуіне тоқтала кетелік.

Баршамызға белгілі «Ariel» (Ариел), «Tide» (Тайд), «Persil» (Персил) деген сияқты неше түрлі әлемге танымал өнімдер бар. Соның ішінде мысалыға алар болса «Persil» Германияның 1907 жылдан шыға бастаған өнімі.

Бұл «Persil» сөзінің арабша жазылуы «برسيل» - деп «п» және «е» әріптері арабшада жоқ болғандықтан (Бирсил) болып жазылады. Ал енді сол жазуды «برسيل» (Бирсил) керісінше оқитын болсақ (Лисриб) болып оқылады яғни арабша «ل ي س ر ب»  - әріптермен жазылады.  Ал оқылғанда «Лайсараб» - болып оқылады. Араб тілінде «Лайса» сөзі (емес, жоқ) деген мағынаны берсе, «Раб» сөзі (Раббы, Құдай) дегенді білдіреді. Демек бұл сөзді арабша әріптермен жазып, оны терісінше оқитын болсақ негізсіз «Құдай жоқ» деген сөз шығаруға болады. Бірақ бұл өзіміз оймен сәйкестіріп алғанда ғана сондай. Негізгі «Персил» сөзінің шығу тегіне келер болсақ бұл сөз «Perborate» «Перборат натрия» және «Silicate» (Силикат натрия)  деген екі компонеттен құралғандықтан сол екі сөздің бастапқы үш әріптерінен «Per» (Пер) - «Sil» (Сил) болып 1907 жылы Германияда ойлап табылған.

Тағы да сол сияқты танымал «Pepsi» (Пепси) сусыныны жайында да сәйкестіріп алған ұғым бар. Бұл сөздің әрбір әрпіне жеке сөз шығарып: «Pay Every Penny Serve Israel» яғни «Pay (төлеу) Every (әрбір) Penny (ұсақ тиын) Serve (қызмет ету) Israel (Израйл)» сөз құрағанда «Әрбір тиыныңды Израйлдықтарға қызмет үшін жұмса (төле)» - дегендей сөз құраған. Әрине жеке әріптерден неше түрлі сөз құрауға болады. Бір екеуін қазақша құрап көрелік. «ПЕПСИ» сөзін «Пыс Ететін Пепсиің Семіртеді Илансаң» деcек, арнайы зерттеген мамандар айтқандай «Кола, Пепси, Спрайт сияқты сусындар кісіні семіртеді» - дегенді меңзеп тұрған сөздерді жасырын айтып қойған деп қоғамдық пікір тудырып жіберсек жоғарыдағы біз сөз етіп отырғандай түрлі пікірлер мен мәселелер туындауы анық. Немесе басқаша да сәйкестіктер келтіруге болады. Әрине бұл жәй ғана тез арада құрастыра салған сәйкестік сөз. Алайда, жаман пиғылмен тереңірек ойланып көрсек, мағынасы астарлы қиын сөздер мысалға келтіруге болады.

Сондықтан мұндай болмашы жалған ойдан құрастырылған нәрселерге мән бермей, дүниеге не үшін келдік? Өмір сүруіміздің мәні неде? Мен елім үшін, отаным үшін не істедім? Бізді өмірдің қиыны мен ыстығына төніп бағып қаққан ата-анамыз үшін не жақсылық істей алдық? - дегендей пайдасы бар түрлі сауалдарға бас қатырайық. Жоғарыдағының барлығы осындай ойлардан тосылып, болмашыға бас қатыру үшін ғана компанялардың емес, басқатырушылардың ойлап тапқандары.

Жеңіс Әбибуллаұлы,

дінтанушы.     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру