Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Фиқһ білгірі Кәмалуддин әд-Дәмири әрі оның «Хайуанатул Кубра» атты еңбегі жайлы

10.11.2014 4851 0 пікір

ЗООЛОГИЫ ҒАЛЫМЫ ШАФИҒИ МӘЗҺАБЫНЫҢ ФИҚҺ БІЛГІРІ КӘМАЛУДДИН ӘД-ДӘМИРИ 
ӘРІ ОНЫҢ ХАЙУАНАТУЛ КУБРА АТТЫ ЕҢБЕГІ ЖАЙЛЫ 

(«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханасында бар) 

Есімі, Мұхаммед б. Мұса б. Әли әд-Дәмири. Күниәсі Әбул-Бәқа болып, лақабы Кәмалуддин-дүр. Батыс әлемінде «Мұсылмандардың Вуффон (Buffon) ы атағымен әйгіленген Дәмири, 1344 (745 хижри) жылында Мысырдың Димат қаласы маңайында және Нил өзенінің қос жағасына орналасқан Дәмира атты үлкен бір қалашықта туылды. 1405 (808 хижри) жылында Каирда қайтыс болды. Мазары, Әли Бәиюми жанындағы Сабуни Мешітінің ауласында.

Дәмири жас шағында тігіншілікпен айналысты. Кейін бұл кәсібін тастап білім жолына түсті. Дәуірінің дін және дүнияуи ілімдерін игерген соң, Әзһар Медресесінде; хадис, тәпсір, фиқһ, араб тілі және әдебиеті секілді көптеген білімдерді оқытты және дүнияуи ілімдерінің ішінде зоологияны өте жетік меңгеріп өзін бұл салада дара таныта білді. 1379-1399 жылдары арасында, Мекке-Мукаррамада мекендеп ілім алуды жалғастырды. Ғылми ізденістерін тереңдетті. Кейін Каираға қайтып шәкірттеріне дін және дүнияуи білімдерін үйретті.  Хаятү Хайуанатул-Кубра (2 том, «жыртқыш үлкен аңдар туралы» анықтамалық энциклопедия ); Тәпсирул Ахлай-ін (Түс жору); Ән-Нәжмул-Уәххаж фи Шәрхил-Минһаж (Шафиғи мәзһабы Фиқһ іліміне қатысты); әл-Жауһарул-Фарид фи Илмит-Тәуһид (Ақида және Кәлам ілімдеріне қатысты) негізгі еңбектері болып табылады.

Осы еңбектерінен әлемге әйгілі болғаны Хаятү Хайуанатул-Кубра (2 том ) атты энциклопедиялық туындысы еді. Басқа еңбектері секілді Арапша болған бұл кітап жайлы Жофес де Сумуггу (Jofes de Sumuggu) мынандай сөздер саптаған. «... Сөзсіз де күдіксіз, Дамири, өмірін дін ілімдерін зерттеп зерделеп өткен ұлық бір Ислам ғалымы болатын. Зоология білімін зерттеу барысында өзінен бұрын өткен осы салада аса күрделі қателіктерге түскенін анықтады және осы салада бір еңбек жазу керек екенін ойға алды. Шынымен ерен еңбекпен жазып зерттеген еңбегімен бұл білім саласына адамзатқа өрескел еңбек сіңірді әрі бұл негізгі қайнар бұлақ болып саналды.»
Дамири, бұл еңбегінде әліпбилік ретпен барлық жан-жануарладың атауын және ерекшеліктерін әрі олар жайлы көптеген пән ғылыми, медициналық, діни мәліметтер жинақтаған. Сондай-ақ еңбегін жазарда әсіресе Араб бәйіттерін терең зерттеп, әдебиетшілердің жануарлардың мінез-құлқы және болмысымен байланысты жазғандарын жинақ топтама ретінде еңбегінде кең көлемде орын берген. Осылайша ол, һәм әдебиет һәмде луғат қызметін атқарып, һәм зоология біліміне ерен еңбек сіңіруде еді. Жаһилият дәуірінде Арабтар жалпылама қыр кең сахарада өмір сүргендіктен табиғат тұнбаларына жақын болып, оның сырларын жақыннан аша білген-ді. Сахарадағы жан-жануарлар, аң-құстар мен құрт-құмырсқалардың өмір сүрісі әрі табиғи болмысы жайлы білген тергендерін сол дәуірдің әсерлі де күшті құралы болған өлең шумақтарына ірі бір қазына етіп тапсырып отырды. Дамири осы табиғи бұлақтан сусындап оны толықтай ақтара білді.  Осылайша, еңбек мазмұнын мәнді де сәнді етіп байыта түсті.

Дамири еңбегін жазғанда, әсіресе Ислам ғалымы Ибнул-Байтардың Китабул-Жамиғісінен пайдаланды. Сондай-ақ сөзсіз Құран Кәрімнен, Хадис шәрифтерден және кейбір Фиқһи тақырыптардан нақылдар жасады. Осылардан басқа еңбегінің басында қысқаша бір Ислам тарихынан мәлімет ұсынды.  Әліпбилік ретке сай топырақ, теңіз және көктегі жан-жануарларды әрі құрт-құмырсқалардан сөз етті.  Сонымен қатар олардан пайдалана алатын медициналық дәрілер жайында құнды мәліметтер берді.
Еңбек үш бөлімнен тұрады. Тарих және сиярға қатысты мәліметтер бірінші бөлімде орналасқан. Дамири, жанарларды танытып сипаттаған уақытта олардың дініміз жағынан халал, харам, мәкруһ, жайз, мубах болғанына байланысты фиқһи үкімдерін беріп отырған.  Жыртқыш және үй жануарлары болған хайуандарды, олардың негізгі сыр сипаты әрі өздеріне тән тың ерекшеліктерін, жан-жануарларға байланысты түс жору мәселесінде ашықтап отырған.

Еңбекте айтылатын хадис шәрифтер Кутубус-Ситтә делінген дінімізде маңызды орыны құны бар алты кітаптан алынған. Дамири бұл еңбегінде барлығы «560 кітап және 199 өлең диуандар» дан пайдаланған.
Еңбектің маңызды сипаттарының біреуі де сол дәуірде әлі аты естілмеген жан-жануарларға орын берілуі және олардың сұлу сипатталуымен анықтама беріп отыруында еді. Еңбегінде әсіресе арыстанға ерекше төрден орын силап, оның жыртқыш аңдардың ең құрметтісі екенін тілге тиек еткен. Дамири пайымы бойынша арыстан қырмен шөлдегі аң патшасы саналған. Айбары және жүректілігі, қорқыныш күші және басқа сипаттары мен бұл құрметке лайық еді.
 Дамири, бөлім бөлім хайуандарды танытқан уақытта, бірінші бөлімде, есімін атап және оның тілдік жағынан ашқтауын жасап өтеді. Сонымен қатар аталмыш аң-құстардың қолданыстағы басқа ат, лақаптары күнияларын бөлек бөлек атап білдіреді. Бұл тақырыпта, Ибни Сидә, Жауһари және Жахиздің еңбектерінен пайдалануда, екінші бөлімде; аталған жан-жануарлардың мінез-құлқы және ерекшеліктері мен бар нeмесе белгілі түрлері жайында мәлімет беріліп; үшінші бөлімде де; аталмыш жан-жануарлардың аты аталған хадистерді атап өтеді.  Төртінші бөлімде; мәзһаб көзқарастарының хайуандармен байланысты діни үкімдерін, Бесінші бөлімде жан-жануарлардың медициналық ерекшеліктері, Алтыншы бөлімде болса, жан-жануарлар түске кіретін болса қалай жорылатындығы жайлы құнды мәліметтер келтіреді.

Еңбегінде жан-жануарларға байланысты өте әйгілі танымал хикаяларға да орын берген Дамири, бұл жайлы әдебиеттің үлгілерін де, маңызды еңбегінде атап ұсынды.

Сүлеймен (ғ.с) мен худһуд құсы қиссасын, ат пен Ферғауын қиссаларын және басқаларын тамаша баян етеді. Бұларды түсіндіргенде,  көркем әдеби бір әдіс-тәсіл қолданды. Бұл тәсілді өзінен бұрын ешбір ғалым қолданбаған-ды.
Білім тарихшыларына қарағанда бұл пішінде және сапада бір ғылми еңбектің жазылуы, Дамириден бұрын қолға дәл осылай алынбаған болатын. Оның еңбегі, жан-жануарлар әлемінің энциклопедиялық түрінде, жоғары сапада және өте терең бір мәдениетке сүйеніп дайындалған.

Еңбек, Хаким Шах Мұхаммед жағынан Парсы тіліне аударылды. Омар б. Юнус, Шайх Тақиуддин Мұхаммед б. Ахмед, Шайх Шәмсуддин Мұхаммед б. Әбу Бәкір және Жәләлуддин Абдуррахман Сүюти жағынан мұхтасарлары жазылды. Қазы Мұхаммед б. Әли әш-Шәйби жағынан зәйлі (шығыс жазбаларында бір тақырыптың бір-біріне жалғасып белгілі дәуірлер барысында толықтырылып жазылған жазба) жазылған. Бұл еңбек әртүрлі дәуірлерде басылып шығып отырғап.   

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы
Берікбай Германоғлы МОЛҚЫ ҚАЙЫП

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру