Кім кінәлі?
Жаппай Исламға қызығушылық пен ислам діні туралы білімдердің жан- жақты таралуы, өкінішке орай қоғамға кері әсерін де тигізіп жатыр. Мәселе білімде жатқан жоқ. Мәселенің бәрі білімді таратып және де жеткізіп жүрген адамдарда. Кез келген жерден барлық сұрақтарға жауап таба алатын және де өзін үнемі растап шыға келетін білгіштерді кездестіреміз. Сонымен қоймай, өзінің ойымен сәйкес келмейтін пікірді ине сұғып алғандай қабылдайды. Ақиқатты өзінің беделіне нұсқан келтірмей қорғаудың орнына олар өз нәпсілеріне білімсіздіктің «қастандық» жасауынан қорғаштайды.
Әдетттегі жағдай
Мынандай жағдай есімде қалған еді. Жұмыстағы екі жолдасыммен отырып дін жайында әңгімелесіп отырғанбыз. Біреуі екіншісінен былай деп сұрады: «Алланың «Рахым» деген есімі не мағына береді?». Анау болса сондай сеніммен: «Мейірімді, Рақымды»,- деп жауап берді. Екіншісі тағы да: «Ал «Рахман» деген ше?»,- деп сұрады. Ол тағы да сенімді қалпында бірақ: «Қалай не мағына? Яғни Алла – Мейірімді және Рақымды деген сөз»,- деген жауап қайтарды. Осыдан- ақ жауап беріп отырған адамның бұл екі көркем есімнің екі түрлі мағына беретінін білмейтіні белгілі болды. Бұл жағдай біздің үмметіміздің арасында жайлап тарап жатқан індет жайлы ойландырды...
1. Ең бірінші, мұсылман адамға білгіштік синдромынан қашу керек, яғни ол адамға білмейтінін және де барлық нәрсені біле бермейтінін білмеймін деп мойындауына тура келеді. Осы жерде Сократтың мына сөзі еске түседі: «Менің білетінім, ешнәрсе білмейтінім». Осы тәсіл адам нәпсісін білгіштік қасиетінен айырып, қоғаммен араласуын жеңілдетеді. Әсіресе, дін мәселесіне келгенде. Яғни бұндай қарым- қатынаста талас- тартыстың туындауы азаяды. Сонымен қатар, адамның өз білімінің аз екенін мойындауы, оның сол білімін толықтыруға итермелейді.
2. Екіншіден, білгіштер тек қана нәпсісінің қалауымен өзінің зиялылығын көрсету үшін емес, кейде олар басқа адамдарға көмектесу үшін де алдыға шығады. Көмек қолын созған жақсы қасиет, тіпті ол адам оның сыйының не болатынын да білмейді. Сондықтан да екінші қағида білгіштік синдромынан құтылғысы келетін адамның есінде болатын қағидасы. Яғни, сұраған адам жауапты түсінбейтіндей немесе қате түсінетіндей етіп жауап бергенше- үндемеу; толық әрі жеткілікті және де дұрыс жауап бере алмайтын болған соң- үндемеу. Хадисте былай делінеді: «Кімде кім Қиямет күніне және Алланың Елшісіне иман келтірген болса, жақсы сөз сөйлесін болмаса үндемесін».
3. Егер адамда сұраққа жауап бере алтындай аз ғана болса да білімі болса, өз білімін және де сұраққа жан- жақты жауап беруге болатынын ескере отырып, сөз соңына: «Бұл айтқандарым менің бар білетінім» не болмаса «Мен мына кісіден естігенімді болмаса мына жерден оқығанымды айттым» деп қосқаны жөн. Яғни, жауап беруші сұраушыға жауаптың толық еместігін және де сенімді қайнарлардан ары қарай іздеп, нақты жауап таба алатындығын ескертуі қажет. Осылайша ол, сұраушының адасып кету қаупінің алдын алады.
Үлгі алатын мысалдар
Осындай жағдайда үмметтің ғалымдары өздерін қалай ұстаған? Имам Мәліктің өмірінен бір мысал келтірер болсақ, имам Мәлікке қырық сұрақ қойылған екен. Ол оның тек қана төрт сұрағына жауап берген көрінеді. Ал қалған сұрақтарға: «Білмеймін»,- деп жауап береді. Сұрақ қоюшы: «Мен сонау жақтан осы сұрақтардың жауабын арнайы сенен білуге келдім, ал сен болсаң: «Білмеймін» дейсің бе?!». Имам Мәлік оған былай дейді: «Түйеңе отыр да келген жағыңа қайта бар және де былай де: «Мен имам Мәліктен сұраған едім, ол білмеймін деп жауап берді» . Ғалымдардың мінездері осындай еді.
Қымбатты бауырлар! Білгіштік синдромы- бүгін біз бет пердесін ашқандай нәпсі қызметшілерінің бірі. Ендігі жерде біз онмен кездесіп қалған жерде танитын боламыз және де бір- бірімізге білім жеткізген кезде өте жауапкершілікті әрі сақ боламыз деп үміттенеміз. Алла баршамызды жарылқасын!
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Ислам.ру
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру