Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ағайынның қадірі...

04.09.2014 5114 0 пікір
Қазақ халқы туыстық байланысты ерекше бағалайтын ел. Тіпті, туыстық қарым-қатынасты дәл қазақтай сақтайтын ел әлемде кемде-кем. Халқымыздың болмысын басқалардан ерекшелейтін бірден-бір қасиеті осы туыстық байланыс деуге де болады. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деп ағайын арасындағы татулықтың сақталуын қоғам бірлігінің басты алғышарты деп қараған.

«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деп туыстық қатынастың басқа іс түскенде танылатындығын түсінген.

«Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең жолдасың жат», «Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді» деп туыстық қатынасты қандай жағдайда да үзіп алмауға, оны қайта жалғап, жандандыруға шақырған.

«Ағайынның азары болса да, безері болмас» деп туыс жаман болса да безінуге болмайтындығын ескерткен.

Туыстық байланысты осылай қадірлеудің бір негізі шариғатта жатыр. Асыл дініміз адамдар арасындағы туыстық қатынастың берік болуын қолдайды, ағайыннан ажырамауға шақырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін төменде туыстық байланысқа бекем болуға шақыратын хадистердің бір парасын бердік.

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَحَبُّ الأَعْمَالِ إِلَى اللهِ إِيْمَانٌ بِاللهِ، ثُمَّ صِلَةُ الرَّحِمُ، ثُمْ الأَمْرُ بِالْمَعْرُوفِ وَالنَّهْيُ عَنِ الْمُنْكَرِ، وَأَبْغَضُ الأَعْمَالِ إِلَى اللهِ الإِشْرَاكُ بِاللهِ، ثُمَّ قَطِيعَةُ الرَّحِمِ». رَوَاهُ أَبُو يَعْلَى.

Алланың Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Алла үшін ең сүйікті іс – Аллаға иман келтіру, сосын туыстық байланысты сақтау, сосын жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю. Алла үшін ең жаман іс – Аллаға серік қосу, сосын туыстық байланысты үзу», – деген[1].

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: »مَنْ سَرَّهُ أَنْ يُبْسَطَ لَهُ فِي رِزْقِهِ أَوْ يُنْسَأَ لَهُ فِي أَثَرِهِ فَلْيَصِلْ رَحِمَهُ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім ырзық-несібесінің молаюын немесе ғұмырының ұзақ болуын қаласа, туыстық байланысын жалғасын», − дейді[2].

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »تَعَلَّمُوا مِنْ أَنْسَابِكُمْ مَا تَصِلُونَ بِهِ أَرْحَامَكُمْ، فَإِنَّ صِلَةَ الرَّحِمِ مَحَبَّةٌ فِي الْأَهْلِ، مَثْرَاةٌ فِي الْمَالِ، مَنْسَأَةٌ فِي الْأَثَرِ». رَوَاهُ أَحْمَدُ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта былай дейді: «Шежірелеріңнен туыстық қатынастарыңды жалғайтын нәрселерді үйреніңдер. Шындығында, туыстық қатынасты жалғау әулетке сүйіспеншілік, малға өсім, ғұмырға ұзақтық әкеледі»[3].

عَنْ سَهْلِ بْنِ مُعَاذِ بْنِ أَنَسٍ عَنْ أَبِيه قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَفْضَلُ الْفَضَائِلِ أَنْ تَصِلَ مَنْ قَطَعَكَ، وَتُعْطِيَ مَنْ مَنَعَكَ، وَتَصْفَحَ عَمَّنْ شَتَمَكَ». رَوَاهُ أَحْمَدُ.

Сәһл ибн Мұғаз ибн Әнестен жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Артықшылықтардың ең биігі – қатыспай қойғанмен қатысу, бермегенге беру, өзіңді балағаттағанды кешіру», − дейді[4].

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ سَلاَمٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «يَا أيُّهَا النَّاسُ، أَفْشُوا السَّلاَمَ، وَأَطْعِمُوا الطَّعَامَ، وَصِلُوا الأَرْحَامَ، وَصَلُّوا وَالنَّاسُ نِيَامٌ، تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلاَمٍ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Абдулла ибн Сәләмнан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Уа, адамдар! Араларыңдан сәлемді таратыңдар, бір-біріңді тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты жалғаңдар және адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқыңдар! Сонда жұмаққа аман-есен кіресіңдер!» – деген[5].

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «الصَّدَقَةُ عَلَى الْمِسْكِينِ صَدَقَةٌ، وَالصَّدَقَةُ عَلَى ذِي الرَّحِمِ اثْنَتَانِ، صَدَقَةٌ وَصِلَةٌ». رَوَاهُ أَحْمَدُ.

Пайғамбар (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Міскінге берілген садақа бір садақа, ал туыстық қатынасы бар мұқтажға берген садақа екі садақа: садақа және туыстық қатынас (сауабы)», – деген[6].

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلاً قَالَ لِلنَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَخْبِرْنِي بِعَمَلٍ يُدْخِلُنِي الْجَنَّةَ. قَالَ: «تَعْبُدَ اللَّهَ لاَ تُشْرِكَ بِهِ شَيْئاً، وَتُقِيمَ الصَّلاَةَ، وَتُؤْتِيَ الزَّكَاةَ، وَتَصِلَ الرَّحِمَ». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Аййубтан (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Мені жұмаққа кіргізетін іс туралы айтшы», – дегенде Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – Аллаға еш серік қоспай құлшылық етуің, намаз оқуың, зекет беруің және туыстық байланысты жалғастыруың», – деген[7].

قَالَ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يُمَدَّ لَهُ فِي عُمْرِهِ وَيُزَادَ فِي رِزْقِهِ فَلْيُبِرَّ وَالِدَيْهِ وَلِيَصِلْ رَحِمَهُ». رَوَاهُ أَحْمَدُ.

Алланың Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді: «Кімде-кім өмірінің ұзаруын, ризығының кеңеюін қаласа, ата-анасына ізгілік жасап, туыстық қатынасын жалғасын»[8]. 

قَالَ النَّبيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» ثَلَاثَةٌ لَا يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ: مُدْمِنُ الْخَمْرِ، وَقَاطِعُ الرَّحِمِ، وَمُصَدِّقٌ بِالسِّحْرِ .«رَوَاهُ أَحْمَدُ وَأَبُو يَعْلَى وَابْنُ حِبَّانَ فِي صَحِيحِهِ وَالْحَاكِمُ.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Үш адам жәннатқа кірмейді. Олар: арақ ішуші, туыстық байланысты үзуші және сиқырға сенуші», – дейді[9].

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم: «اُنْصُرْ أَخَاكَ ظَالِماً أَوْ مَظْلُوماً»، فَقَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنْصُرُهُ إِذَا كَانَ مَظْلُوماً، أَرَأَيْتَ إِنْ كَانَ ظَالِماً كَيْفَ أَنْصُرُهُ؟ قَالَ: «تَحْجُزُهُ أَوْ تَمْنَعُهُ مِنَ الظُّلْمِ فَإِنَّ ذَلِكَ نَصْرُهُ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Бауырыңа ол зұлым болса да, зұлымдыққа ұшыраса да көмек бер», − дейді. Бір кісі: «Уа, Расулалла! Егер қиянат көрсе, көмек берермін. Ал ол зұлым болса қалай көмек беремін?» − деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Оны зұлымдықтан тоқтатасың. Оған көмек етуің солай болады», − деп жауап береді[10].

muslim.kz


[1] Әбу Яғла риуаят еткен
[2] Бұхари, Мүслім риуаят еткен.
[3] Ахмет, Термези риуаят еткен.
[4]Ахмет риуаят еткен.
[5] Термези риуаят еткен.
[6] Ахмет риуаят еткен.
[7] Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
[8] Ахмет риуаят еткен.
[9] Ахмет, Әбу Яғла, Ибн Хиббан, Хакимдер риуаят еткен.
[10] Бұхари риуаят еткен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру