Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

С.Тәжібаев: ШИИТТІК БАҒЫТТАҒЫ «ИСМАИЛИЗМ» АҒЫМЫ

25.08.2014 7540 0 пікір

СерікТәжібаев
«Абу-Ханифа» ғылыми орталығының
 ғылыми қызметкері, магистр

 

ШИИТТІК БАҒЫТТАҒЫ «ИСМАИЛИЗМ» АҒЫМЫ

Исмаилиттер – шииттіктің асыра сілтеуші тармақтарының бірі. Имамияның алтыншы имамы Жағфар әс-Садық (765ж.) өлімінен кейін пайда болды. Яғни, имамия шиғасы жетінші имам ретінде Мұса әл-Казымды алса, исмаилер Жағфар әс-Садықтың үлкен ұлы Исмаилды жетінші имам деп қабылдайды. Жеті имамды қабылдайтындықтан оларды «жетішілдер» (сабғина) деп атайды.

Исмаилдың ең жақын досы Әбул-Хаттаб (138-755) Исмаилия атымен шыққан батыни сектаның діни сенімдері мен жалған құрылымын қалыптастырған адам болып табылады.

Исмаилдың өлімінен кейін (774ж.) басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Мәймун әл-Қаддах пен баласы Абдуллаһқа баласы Мұхаммедтің айналасына жиналған Исмаилдіктер жұмыс басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Маймун әл-Каддах пен баласы Абдуллаһқа бағынған. Бұл адамдар көне Орта Шығыс діндері мен жаңа Эфталон (Платон) философиясынан пайдаланып, батыни діни сенімі мен діни ұйымын құрған.

Құрылғаннан бастап 150 жылдан аса уақыт имамдары жасырын (ғайып) болған исмаилияны үгіт жүргізушілер басқарған. Куфа, Йемен, Ирак және Солтүстік Африкада әрекет жасап, үгіт жүргізген бұл имамдар өз мазһабтарының көзқарастарын таратуды қалаған. Бахрейндегі үгітшілер Бахрейндегі басқару істерін өз қолдарын алып, сол жерде Кармати мемлекетін құрды. Зұлымдық пен қысым басым болған бұл дүниеге әділдік орнататын құтқарушы (Мәһди) келетінін, оның залымдардан өш алатынын ашуы маңайына көптеген адамның жиналуына себеп болды. Сол кездегі тәртіпке (басқаруға) қауіпті болған Исмаилдік үгітшілер Йемен мен Солтүстік Африкада да жетістікке жетті.

909 жылы Мысыр мен оның айналасында Фатими мемлекетін құрды. Мысырда атақты әл-Азқар университетін салдырып, Каирды астана, әрі білім және мәдениет орталық етіп алды. 1171 жылы айюбилер тарапынан жойылған фатимилер ұзақ уақыт Йемен, Мысыр, Сирия, Хиджаз және Солтүстік Африканың маңызды бөлігін өз қолдарында ұстады. Исмаилия әл-Мустансирдың халифалығы кезінде (1036-1094) Низари және Мустами тобы болып екіге бөлінді [1/108б.].

Осы орайда профессор Сабри Хизметлидің «Орта Азия түрік республикаларындағы ағымдар және миссионерлік» атты кітабында: «Алдымен имамия шиғасы болған Хасан Саббах үгітшілердің жұмысының нәтижесінде Исмаилдік болды. Низардың имамдығына қолдау көрсетті. Көтерілісші және батыни пікірлерімен Ислам әлемінде батыни сенімдерді таратушы болды. Уақыт өте келе Йеменнен басқа аймақтардағы Исмаилдіктер де Низардың қасына барып, низарилік көптеген аймақта үстемдік етті.

Исмаилиттер басқарушысын «нағыз үгітші» деп аталған. Низари Исмаилдіктері қазіргі кезде дүниенің көптеген аймағына тараған. Үндістандағы Бохра деп аталатын батыни сеніміндегі топ бұлардың бір бөлігі болып табылады. Хасан Саббах тарапынан Иранда құрылды. Ол 1090 жылы Казбин маңайындағы Аламут қаласын басып алып, Иран Низари Исмаили мемлекетін құрған. Гашиш берілген қорғаушылар осы мемлекет көмегімен Исмаилдікті Ирак және Сирия мен қоса Анадолыда да таратуға тырысқан. Уақыт өте келе Ираннан Үндістан және Ауғанстанға келген Низари исмаилилігі 1840 жылы Аға-хан I Әли-шаһпен Үндістанда жаңа бір кезең бастады. Аға Хан III сұлтан Мұхаммед-шаһ кезеңінде үлкен жеңіске жетіп, Аға-хан IV болған Кәрим-шаһ Әлидің басқаруымен қазірге дейін жеткен»,-деген [3/85б.]. Ендеше, Исмаилиттер ағымы біздің заманымызға дейін келіп жеткендігіне көз жеткіздік.

Исмаилизмнің Орта Азияға таралуы.

Исмаилиттер Орта Азияға алғаш қадам басуы Мұхаммед бин Исмаилдың (158-197/775-813) Тәжікістанмен шекаралас Ферғана өңірінде паналағаны жайлы деректер табылды. Онда Аббаситтер дәуірінде Исмаилиттерді іздеу салуды күшейткен кезеңдерде Мұхаммед бин Исмаил Иранға аттанғанда Ферғанаға дейін жеткен болатын. Сол кездегі Ферғананың гүлденген шағы болатын. Ол кезде Ферғана «Түркістан қақпасы» деген атауымен танымал болатын. Ал қазіргі таңда бұл жер Өзбекстан жері мен бір бөлігі Тәжікістанда орналасқан. Сондай-ақ Исмаил Өзбекстанмен шекаралас Тәжікістанның бір бөлігінде орналасқан Ферғанада паналап, кейінінен Орта Азияның таулы аймағы Таулы аумақ Бадахшандағы Памирге қоныс аударғандығы жайлы деректеркөздер табылды [5].

Исмаилиттер Орта Азия елдерінің бірі Ферғана қаласынан бастауын алып Тәжікстандағы Таулы аумақ Бадахшандағы Памирде тамыр жаяды. Демек, 1256 жылы  Низариттік исмаилиттер мемлекеттің құлауы ирандық исмаилиттердің ортағасырлық тарихының жаңа кезеңінің басталғандығын білдіреді. Бұдан былай олар өз саяси ықпалын жоғалтып, тек Персия, Ауғанстан және Орта Азиядағы діни азшылық қауымды құрады. Бұл қауымдардың  Аламут кезеңінен кейінгі екі ғасыр тарихы толық мәлім емес.

Моңғолдардың Персияға шапқыншылығы нәтижесінде  низариттер құлдырауға ұшырап, басылып тасталды. Рудбар мен Кухистанда олар жойылып жіберіліп, жергілікті тұрғындар үйлерінен, қамалдардан, қалалардан қуылып тасталды. Моңғол шапқыншылығынан аман қалған низариттертер Ауғанстан мен Бадахшан және Синд аудандарына қоныс аударды. Көптеген низариттік қауымдар  алыс аймақтарда қалып, бір‑бірімен байланыстарын үзіп алды. Олар ассимиляцияға ұшырап, саны жағынан өзінен көп басқа конфессияларға қосылып кетті. Низариттер бұрын Аламутта болған орталық басқарусыз қалды. Шашырап ұйымшылдықтан айырылған низариттер қауымы тағы да такийа ұстанымын қолдануға мәжбүр болды. Аламут құлағаннан кейінгі екі ғасырда низариттер Персия, Ауғанстан, Бадахшан, Сирия және Үндістанда жергілікті даилардың басқаруымен жеке­‑жеке дамыды.

  Низариттік діндарлардың бір тобы Рукн ад‑Дин Хуршахтың кіші ұлы исмаилиттік имаматтың мұрагері Шамс ад‑Дин Мұхаммедті аман алып қалды. Оны Әзербайжанға алып кеткенге ұқсайды. Ол өмірінің соңына дейін сонда болып, өзін тігінші ретінде көрсеткен. XV ғасырдың екінші жартысына дейін жиырма сегізінші имам Шамс ад‑Дин Мұхаммедтің Персиядағы мұрагерлері туралы ешқандай мәлімет жоқ. Шамс ад‑Дин Мұхаммед шамамен 1310 жыл қайтыс болған. Оның мұрагерлері туралы дау низариттердің имамдар тізбегін екі топқа бөліп жіберді. Олар кейіннен мұхаммадшахи және қасымшахи деген аттармен белгілі болды. Дайлам мен Бадахшанда көптеген жақтастары болған мұхаммадшахи тізбегі 1786 жылдан кейін тоқтап қалды. Қасымшахи тізбегі әлі күнге дейін сақталған. XIX ғасырдың басында осы тізбек имамдары «Аға‑хан» атағымен әйгілі болды. Аталған бөлініп‑жарылушылық онсыз да әлсіз низариттер давасына өте қатты соққы болды.

Алайда, 1509 жылы Шах‑Ради ад‑Дин соғыста қайтыс болып, жергілікті тимурид әмірі Мирза‑хан Бадахшан низариттерін қатты қуғынға алды.

Орталық Персияда орналасқан Кұм мен Махаллатқа жақын аймақтағы Анджудан елді мекенінде қасымшахи тізбегіндегі низариттік имамдар ғайыптан шықты. Бұл Аламуттан кейінгі низариттік исмаилиттердің қайта жандануына әсер етті. Имам әл‑Мустансир биллах осы тізбектің бірінші имамы болды. Ол  Анджуданда орын тепті [6/175б.].

Қазіргі исмаилиттер қауымы имамының бас пәтері Женева қаласында орналасқан. Исмаилиттердің қырық тоғызыншы имамы ұлы мәртебелі Кәрім әл‑Хусейн Аға Хан VI 1967 жылы құрылған өзінің қайырымдылық қоры арқылы исмаилиттер қауымының гүлденіп дамуына жағдай жасап, олар көп орналасқан аймақтарды қамқорлыққа алып отыр [7/3б.].

Қазақстанда шииттік Исламды Әзербайжан ұлтының өкілдері ұстанады. Алматы қаласы бойынша бір шииттік мешіт қызмет етеді. Соңғы уақыттарда республика көлемінде шииттік әдебиеттер жарық көруде. Бұл іс-шаралар көбіне сол елде білім алып келген студенттер мен Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Мәдени орталығы арқылы жүзеге асуда. Дегенмен, Исламдағы бұл бағыттың даму қарқыны жоғары емес. [2/67бет].

Сондай-ақ, аталмыш ағымдардың Орта Азиядағы түркі тілдес республикаларда басқару органдары, кооперативтері, білім беру ұйымдары, баспасөз органдары және қорлары арқылы жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыруда. Мықты қаржылық күштері болғандықтан , бұл елдерде осыған асқан қызығушылық танытуда және адамдарымен оп-оңай қарым-қатынас құрып, өздерінің көзқарастары мен ағымдарын таратуда.

Аға хан тарапынан ұсынылып отырған исмаилиліктердің ең ірі саяси қолдаушысы Англия болып табылады. [3/67бет]

Қазіргі таңда Исмаилиттер көсемдері Орта Азия елдеріне толық кіре қойғаны жоқ. Өйткені тарих баяндаған Исмаилиттердің діни наным сенім негіздері әлемдік діндер өлшеміне сай емес. Алайда олардың бұрмаланған секта ретінде қарастырған дұрыс. Өйткені Исмаилиттер Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан елдеріне жоғарғы оқу орнын құру мақсатында өткізілген дипломатиялық мемлекетаралық келісімдері сәтті аяқталғанымен дінтану мамандары жан-жақты наразылықтарын білдіргендері жайлы бұқаралық ақпарат қызметтерінен көруге болады. Алайда осы аталмаыш елдермен қоса Ауғанстанды да қосуға болады. Ал Өзбекстан, Әзербайжан, Түркменстан елдері Исмаилиттер көсемі Аға Ханмен VI дипломатиялық кездесулермен ғана шектеледі. Ал одан әрі қарым-қатынастары жалғаспағаны анық. Ендеше діни көсемі, имамы атанған Аға Хан VI туралы тоқтала кеткеніміз жөн болар. Аға Хан тілдік мағынасы парсы тілінде: آقاخان‎‎ – «қожайын» және «хан» сөзінен шыққан – исмаили-низарилердің діни қауымының көсемінің атадан балаға қалатын атағы. Иран шахы Аға Хан атағын өзінің күйеу баласы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы Фатиманың ұрпағынан саналатын Керман әмірі (1800-1881) Әбул-Хасанға (Аға-хан I) берді. Бірақ Аға-хан I-ші 1838 жылғы сәтсіздікке ұшыраған Ирандағы көтеріліст басқарғаннан соң Ауғанстан мен Синдке қашуға мәжбүр болды. Ол Ұлыбританияның көмегіне қол жеткізіп, Үндістанның Бомбей қаласында тұрақтайды. Әбу ал-Хасанның немересі Сұлтан Мұхамед Шах, Аға-хан III (1877-1957) Үндістанның саяси өмірінде маңызды роль атқарды. Ол мұсылман халықпен Британ Үндістанының колониалды үкіметін қолдауына, әсіресе Бүкіл үндістандық мұсылман лигасының басшысы болғаннан соң, қол жеткізуді мақсат етті. Ханзада Карим-шах (13 желтоқсан, 1936 жылы туған) – қазіргі Аға-хан IV өз қызметіне 1957 жылдың 11 шілдесінде 21 жасында енді. Ол Исмаилиттердің 49-шы имамы саналады, әрі Гарвард университетінің түлегі. Ендi оның қазiргi рухани көшбасшысы Кәрiм Аға Ханға келетiн болсақ ҚР-ның «Жас алаш» газетінің журналисті Жанболат Мамайдың мақаласында: «Аға Хан IV – әлемдегi ең бай адамдардың бiрi. Оның меншiгiнде ондаған қонақ үйлер, компаниялар, демалыс орындары бар. Ага Хан қорының жылдық табысы 300-500 миллион долларды құрайтыны жайында да айтылады. Ең қызығы, Ага Хан Батыс елде­рiнде бiлiм алып, сонда тұрады. Оның дiншiлдiгi де аса байқалмайды. Ол зайырлы дәс­түрде өмiр сүрiп, Батыс мемлекетте­рiнiң басшылығымен жақсы қарым-қатынаста. 1957 жылы Ұлыбритания патшайымы оған «ұлы мәртебелi» атағын бердi», – деп жазған.

Сондай-ақ Аға Хан IV бастаған Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінде халықаралық Орталық Азия жоғарғы оқу орындарын ашу жоспары 2000 жылы бастауын алып, әлі күнге дейін тұрақтанбады. Өйткені тарихтың куәлігімен бізге дейінгі мұсылмандардың ортақ бір сенім төңірегінде бас қосулары, бұрмаланбаған таза сенімнің арқасында болғандығын көреміз. Негізгі тақырыбымыз Исмаилиттердің Орта Азияға таралуы болғандықтан Аға Хан бастаған ЖОО құру жоспары туралы Жамболат Мамай мен дінтанушы, әрі журналист Мұхан Исаханның «Жас алаш» газетінде жарияланған мақалаларынан толық мәлімет аларсыздар. Әлбетте, Исмаилиттер – Шииттік ағымының бір тармағы, жауыздығымен, лаңкестік әрекеттерімен Ислам тарихында өшпес із қалдырған, қаншама ғалымдар мен бейбіт тұрғындардың өміріне балта шапқан, адасушы зиянды ағым екендігінде күмән жоқ. Бұлар алғашқы кезде шын мәнінде «шиит» сөзіне лайық болатын. Шынында, олар Хазіреті Әлидің Хазіреті Пайғамбарға (с.ғ.с.)  ең жақын туысы әрі хақ халифа ретінде қолдаған еді. Олар мұсылмандар арасында бүлік шығармады, дінге дінде болмаған нәрселерді енгізбеді, тек турашылдықты ұстанды. Дегенменде бертің келе Ислам дінін әлсірету, мұсылмандар арасында бүлік шығару үшін осы атты жамылып, өз мүдделеріне пайдаланған саяси топтар бой көтере бастады. Саяси топтағы арандатушылар әһлу бәйттің өшін аламыз деген жалған ұранмен халықты билікке айдап салып отырды. Кейбір саяси оқиғалардан кейін осы ұранды ұстанушылар саны артып, аяғы үлкен күшке айналды.

 Сөзімізді түйіндей келе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үмбетім бұқара көпшілік болып адасуда бірікпейді», – деген. Сондықтан да өткенімізден тәлім ала отырып, күніміздегі мұсылмандар арасындағы ауызбіршіліктің кепілі Құран мен сүннетке негізделген және ғалымдардың ғылыми зерттеулерінен туындаған дұрыс сенім екендігіне көз жеткізудеміз. Бір діннің әсірісе сенім мәселесінде сан алуан ағымдар мен тармақтарға бөлінуі еш уақытта жақсылыққа бастамаған. Діндегі дұрыс сенімнің және бағыттың қайсысы екендігін, байқап қарасақ тарихтың өзі көрсетіп отыр. Осы ретте Н.Ә.Назарбаев қазақ елінің төрт мәрте әлемдік дін басшыларының съезін елордада өткізгенін баса айта келе: «Құран сөзіне адалдық танытып келеміз. Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде еліміз күллі үммет мүддесіне лайықты жол іздестіріп жүр. Қазақта ұлы Абайдың «Адамның баласы бауырың деген» сөзіне сай табиғатында толерантты халықпыз. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) дінге шектен шықпау абзал деп үміттенген. Ендеше, біз әрқашан сол үлгілі үрдістерден айнымайық», – деген [8].

 

ПАЙДАЛАНҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.  Смайыл Сейтбеков – Мәзһабтар тарихы, Алматы 2012.
2.  Ғарифолла Е. ,Байтенова Н.Ж. – Қазақстандағы діндер, Алматы 2008.
3.  Сабри Хизметли – Орта Азия түрік республикаларындағы ағымдар және миссионерлік, Алматы 2006.
4.  Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна ltd» ЖШС, 2010.
5.  Ismaili.NET - Heritage F.I.E.L.D. Исмаилизм арнайы сайты.
6.  Фархад Дафтари. Краткая история исмаилизма. Москва, 1998г.
7.  Куслий П. Ассасины у границ России. Статья. 2003г.
8.   ҚазАқпарат баспасы. Марлен Жиенбай мақала. Астана 2012ж.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру