Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПЕНДЕЛІК ӨМІР

19.03.2014 6131 0 пікір

Бір күні Иса (а.с.) пенделік өмірді, әдемі жеңілтек әйел ретінде көріп, одан былай сұрайды: Сен кімсің?

Ол былай жауап қайтарады: Мен –пенделік өмірмін.

Иса (а.с.): Сенің қанша серігің болды?

Пенделік өмір: Олар менде миллиардтан аса болды. Жер үстінде жүргеннің бәрі менің серігім болды.

Иса (а.с.): Солардың қаншасына сен шынайы серік болдың?

Пенделік өмір: Ешқайсысына.

Сонда Иса (а.с.) пайғамбар былай дейді: сенің алдыңғы серіктеріңе жасаған қиянатты көре тұра, саған ғашық болған адам нағыз ақымақтың өзі.

 Міне сондықтан да Аллаһ Тағала Құранда былай айтады: Бұл өмірдегі өз несібеңді ұмытпа!

Бұл өмірден өзіңмен бірге алып кететін жалғыз нәрсе, бұл – ақыретің. Себебі, сен басқа ештеңені алып кете алмайсың. Сенің жеңіл көлігің, банктағы шотың, сонымен қатар беделің, билігің, әсем үйің мен әдемі киімің, барлығы да осы өмірде қалады. Қабірге сен тек екі қабат ақыретпен ғана барасың. Тек сол ғана. Сонда шынайы  өмірдің осындай болғаны ма? Бірақ біз пенделік өмірге тез алданып қаламыз.

Осы тақырыпта Имам Ғазалидың керемет мысалын келтіруді жөн көрдік.

Бұл мысалда джунгли арқылы адамның өмір сүру қалпы туралы айтылған. Ол артынан арыстан қуып келе жатқанын көреді. Ол одан қашады. Құдыққа келіп, ішіне түсіп кетеді. Құлап бара жатып, арқаннан ұсталып, демін терең алады. Ол жоғарыға қараса, құдықтың басында оны күтіп отырған арыстанды көреді. Ол құдықтың түбіне қарағанда, оның құлағанын күтіп, аузын айқара ашқан үлкен жыланды көреді. Оны құтқарар жалғыз нәрсе ол – арқан. Біраз уақыт өткенде, арқанды екі жақтап, кеміріп жатқан ақ және қара тышқанды көреді.  Жоғарыда арыстан, төменде жылан, соңғы үміт арқанда еді, енді міне ол да үзілуге шақ қалды... Бір кезде ол алдынан ара балын көреді.  Қарап тұрып, саусағымен кішкенен алып, дәмін татады. Оның тәтті дәмінен тез арада алдағы кедергілерді ұмытып кетеді.

Имама Әл-Ғазали былай дейді:  арыстан бұл – сені әрқашан аңдып жүретін өлім. Жылан – адамзатты өз қойнына алуға жақын сенің қабірің. Егер ол жақсы адам болса, жәннат бақтарына баруы мүмкін. Егер жаман адам болса, тозақ шұңқырларында болуы мүмкін. Арқан  - оның өмірі. Қара тышқан – қара түн. Ақ тышқан – ол күн. Осы екеуі сенің өміріңді, өмір бойы кеміріп шығады. Ал бал, ол сенің дүниең (пенделік өмір).

Сіздер бір рет болса да мазарға барып көрдіңіздер ма?

Адам өмірдің дәмін татқанда, өлімді естен шығарып, қабірді ұмытады. Ол Аллаһтың алдында есеп беретін күнді ұмытады. Пенделік өмірдің шындығы да осында. Сіздер бір рет болса да...мазардың тастарын көрдіңіздер ма? Ол жерде жатқандардың көбісі, 18 жас пен 25 жас аралығындағы және 18 жас пен 75 жас аралығындағылар. Олардың көбісі өмірлерін жер үстінде емес, жер астында өткізетінін түсінесіңдер ме!?  Олардың көбісі сіз бен менен мықтырақ, сіз бен менен де сұлу, олардың қол астында байлықтары, күші мен білімі де болды. Олар келді де кетті. Мәңгі өмірге осы дүниеде дайындалатын адам ғана жеңеді.  Бірақ көп жағдайда, бізді қоршаған дүние, барлығын ұмыттырып жібереді.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру