Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде үстіміздегі жылғы дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін сарапқа салатын аттестация қарсаңында өңірдегі аудан, қала және ауыл мешіттерінің имамдары, наиб имамдар, ұстаздар мен молдаларға арналған оқу-семинары өтті.
Жиын барысында Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы сөз сөйлеп, ұйымдастырылған семинардың негізгі мақсатына кеңінен тоқталды. Ол заман талабына сай бүгінгі имамдар жан-жақты дамып, үнемі ізденісте болуы қажеттігін атап өтті.
Семинар аясында Құран, фиқһ, ақида және заң пәндері қамтылып, дін саласында танымал ұстаздар тарапынан дәрістер оқылды. Сонымен қатар ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттарын басшылыққа алу мәселесі де назардан тыс қалмады.
Басқосуға қатысушылар алдағы қызметінде басшылыққа алатын маңызды қағидаттарды саралап, рухани әсер алып қайтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
14.04.2026
116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру