Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық байқау өтті.
Сайысқа қатысушылар Құран оқу арқылы өздерінің зеректігі мен діни білімдерін көрсетті. Өңірдің әр ауданынан келген ақжаулықты әжелер ақ батасын беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қала және аудан мешіттерінен келген талапкерлер Құранға деген ерекше құрметі мен тыңғылықты дайындығын паш етті.
Іс-шара барысында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы сөз сөйлеп, мұндай жарыстардың жас шәкірттердің діни сауатын арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, өңірден қариларды көптеп тәрбиелеу үшін бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Бас имам өз сөзінде діни сауатты мешіт ұстаздарынан алып, Құран ілімін сенімді әрі дұрыс жолмен үйренудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Әділқазылар алқасының шешімімен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Аталмыш сайыстың жоғары деңгейде өтуіне облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің ұстазы, әйел-қыздар секторына жауапты Жансая Салауатқызы айтарлықтай үлес қосты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
13.04.2026
487
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру