Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: «Арыстан баб және дәстүр мен шариғат үндестігі» семинары өтті

Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.04.2026 335 0 пікір
Түркістан: «Арыстан баб және дәстүр мен шариғат үндестігі» семинары өтті

ҚМДБ Түркістан облысы, Отырар ауданы, “Арыстан баба” мешітінде аудан имамдарының қатысуымен «Арыстан баб және дәстүр мен шариғат үндестігі» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинарды Түркістан облысының Бас имамы Ержан Сматұлы ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде дәстүр мен діннің сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтаудың өзектілігі жайында атап өтті.

Семинар барысында белгілі дінтанушы ғалым Досай Кенжетай және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері Ерқожа Сейтжаппарұлы «Арыстан баб» тақырыбында баяндама жасап, дәстүр мен шариғаттың өзара үйлесімі, қазақ қоғамындағы рухани мұраның орны туралы кеңінен түсіндірді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті тақырыптар аясында пікір алмасу өтті.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру