Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazaqstannyń dіnı ınteraktıvtі kartasy (Aqtöbe oblısı)


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жанынан 2008 жылы  ер балаларға  арналған «Ақтөбе» медресесі ашылып, қазіргі кезде онда 12 шәкірт дәріс алуда. Оқу ұзақтығы 2 жыл 10 ай.


Медресені бітірушілер 3 мамандық иесі атанады: 
1. Имам. 
2. Бастауыш мектебінің араб тілі мұғалімі. 
3. Ислам әдебінің тәрбиешісі.

Шәкірттердің оқуы үшін жан-жақты жағдай жасалған, яғни олар медресе ғимаратында 3 мезгіл тегін тамақтанады, жатақханалары да осында. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар дүние сабақтары да енгізілген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарының оқытушылары дәріс беруге шақырылуда. Алдағы уақытта шәкірттер санын көбейту көзделіп отыр. 

Медресеге үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жасы 17-25 аралығында болу;
- бойдақ болу;
- 11-классты бітіргені туралы аттестаттың болуы;
- мешіт жанындағы дайындық курсынан өтуі.

Медресеге қабылданатын құжаттар:
-директор атына жазылған өтініш;
-имамдардың ұсынысы;
-өмірбаян;
-орта білім туралы аттестаты (түпнұсқасы)
-086 үлгідегі дәрігерлік анықтама
-көлемі 4х5 сурет (6 дана)
-әскери билеті немесе әскерге шақырылу куәлігі;
-құжаттарды тігілуге арналған іс-парағы (скоросшиватель);
-талапкердің жасы 25 жастан аспауы керек.

Байланыс телефоны: 8 (7132) 77-43-48.

Медресе Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылы, 92, индекс: 030000, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешіті ғимаратында орналасқан.