Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Рамазан айына

Рамазан күні
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Qazіr

04 March 2024

23 Shaǵban 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

РАНТ мүшесі – Кереку өңірінде

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 01.12.2023 991 0 пікір
РАНТ мүшесі – Кереку өңірінде

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшесі Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Олжас Скаков Павлодар облысында арнайы іссапармен келген болатын.

РАНТ мүшесі іссапарының алғашқы күні Павлодар қаласындағы №63 және №45 РММ Түзету мекемелеріндегі діни экстремизм және терроризмге қарсы қылмыстары үшін мерзімдерін өтеп жатқан сотталушылармен «Мәзһабтар тарихы», «Иман негіздері» тақырыбында жалпы және жеке кездесу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Павлодар қаласы «Бижан» мешітінде құптан намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты. 

Ал іссапарының екінші күні Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледж шәкіртерімен кездесіп, «Пайдалы білім алудың маңыздылығы» жайында насихат айтты. Сонымен қатар жұма күні Екібастұз қалалық мешітінде «Тәртіпке бағанған құл болмайды» тақырыбында жұма уағызын айтып, сол күні Екібастұз қаласы ИТИ колледж жастарына «Ислам және жастар», «Дін мен дәсүр» тақырыбында қазақ және орыс тілінде кездесу өткізді. Әрбір кездесу сайын қатысушылардан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру