Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 July 2024

21 Muharram 1446 Хижра

  DINI MEREKELER

«Ақынның асыл мұрасы» конкурсы қорытындыланды

abu-hanifa.kz 21.10.2023 1333 0 пікір
«Ақынның асыл мұрасы» конкурсы қорытындыланды

22 қыркүйек пен 18 қазан күндері аралығында Алматы қаласында дінтанушы шәкірттерге қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ақынның асыл мұрасы» атты классик ақындардың шығармаларын жатқа оқу және мағынасын жеткізу конкурсы өтті.

Алматы қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қолдауымен «Жастар Үні» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Ұлттық таным» жобасы аясында өткізген конкурсқа Нұр-Мүбарак университеті мен «Әбу Ханифа» колледжі студенттері қатысып, қазақ ағартушылары Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсарин және т.б. шығармаларын жатқа оқып, мағынасын түсіндіріп берді.

Конкурс нәтижесі бойынша «Әбу Ханифа» медресе колледжінің 3 курс студенті Маратов Әнуар Қайратұлы жүлделі І орынды иеленді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру