Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: Қызылжар ауылында көкпар өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 17.05.2023 1665 0 пікір
Қарағанды: Қызылжар ауылында көкпар өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылына орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданына қарасты Қызылжар ауылында шабандоздар арасында көкпар сайысы өтті.

Қызылжар ауылдық мешітінің имамы Бақытжан Құмаpұлының ұйымдастыруымен өткен сайысқа бірнеше команда қатысып, көкпаршылар білек күші мен ат құлағында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Сайысты тамшалауға аймақ халқы мол жиналды.

«ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен облысымыздың түкпір-түкпірінде дін мен дәстүрдің сабақтастығы насихатталып келеді. Қызылжар ауылында өткен бүгінгі шара да қазақ халқының спорттық ойын түрлерін одан ары дамыту және жастардың ат спортына деген қызығушылығын ояту бағытында іске асуда. Көкпар – ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ұлттық ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек.»,-деді облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Бас имам осы бастаманың іске асуына мұрындық болған ұйымдастырушылардың еңбегін жоғары бағалады. Сайыстың көрігін қыздырып, жұрт көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар Қарағанды облысы өкілдігі атынан марапатқа ие болды.

Командалық сайыс қорытындысы бойынша:

І орын «Қаражар» коммандасы (40 000 теңге);
ІІ орын «Нұра» коммандасы (25 000 теңге);
ІІІ орын «Самархант» коммандасы (15 000 теңге).

Жаппай көкпар сайысы бойынша:

«Жаңа талап» ауылының балуаны  Бәлбіұлы Мизам 1 қойды иеменденді. Ал Шымкент қаласынан келген Жорабек  есімді балуан 1 тайды және 1 түйені қанжығасына байлап, олжамен қайтты. Барлық жүлделі орындарға арнайы медальлар мен кубоктар табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру