Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Сәдуәқас қажы Ғылмани» мешіті қарттарға қамқорлық жасады

sunna.kz 11.04.2023 2182 0 пікір
«Сәдуәқас қажы Ғылмани» мешіті қарттарға қамқорлық жасады

ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен елорда маңындағы «Көктал» ауылында орналасқан «Шарапат» қарттар үйінде ауызашар дастарқаны жайылды.

Рухани шарада мешіт имамдары қазыналы қарттар үйінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп  келе жатқан 10 қызметкерге арнайы сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.

Игі шараға Астана қаласы Дін істері басқармасынан Нұрдәулет Иманәлі мен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкері Жомарт Анарбеков қатысып, дастархан басында уағыз-насихат айтты. 40 адамға жайылған ауызашар дастарханында дәстүрлі әндер мен күйден шашу шашылып, қариялар көңіліне шуақ сыйлады.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру