Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 24.03.2023 1655 0 пікір
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Рамазан айының алғашқы күні Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.

«Әбілхан қажы» аталған мешіттің ашылу салтанатына Алматыдан арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен өңір бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.

Әбілхан қажының жақындары, бауырларының демеушілігімен бой көтерген мешіттің салтанатты жиынына ауыл тұрғындары, ел ағалары жиналды. Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов құран оқып, наиб мүфти  Кенжеәлі Қоңыратбайұлы дұғасын жасады.

Қанатбек Мәдібек сөз сөйлеп, көпшілікті келіп жеткен ораза айымен құттықтады. Наиб мүфти мешіттің ресми лентасын қиып, қасиетті Құран Кәрім кітабы мен аяттар ойылып басылған үлкен сағатты сыйға тартты. Көпшілік мешіт ішіне кіріп, дұға жасады.

Айтулы іс-шарадан соң Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мешіттің ауласына тал отырғызды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру