Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

13 April 2024

4 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Береке ауылында жаңа мешіт ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.03.2023 1881 0 пікір
Атырау: Береке ауылында жаңа мешіт ашылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау қаласының Береке ауылында жаңа мешіт халық игілігіне берілді.

Мешіттің ашылуына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, облыстық дін істері басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев, ҚМДБ жанындағы ақсақалдар алқасының мүшесі Абат Шәкірұлы және ауыл тұрғындары мен Қарилар орталығының ұстаздары, шәкірттері қатысты.

Алла үйінің ашылуында сөз сөйлеген бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты Рамазан айымен құттықтап, мешітке қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді.

«Аллаға шүкір, бүгінгі таңда облысымызда мешіттер бой көтеруде. Мешіт – имандылық ұясы. Бұл жерде діни рәсімдермен қатар, рухани тәрбие беріледі. Қоғамда мешіт пен мектепті қатар қойып әр түрлі кертартпа пікірлер айтылуда. Алайда, түсінуіміз керек ақиқат бар. Мектептер өз алдына білім мен тәрбие ошағы болса, мешіттер – руханият ордасы» деп атап өтті бас имам.

Салтанатты іс-шарада мешіт құрылысына атсалысқан жандарға алғыс хаттар табыс етілді. Жаңа мешітке имам болып білікті маман Мұхамедкәрім Сматұлы тағайындалды.

Айта кетейік, мешіт 300 адамға арналған. Ерлерге және әйелдерге арналған тахаратхана, Құран оқитын бөлме қарастырылған. Аталған мешітте алғашқы тарауих намазы оқылды.

 
 
 
 
 
 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру