Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 27.02.2023 1783 0 пікір
Қызылорда: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы Қызылорда қалалық «Нұр» және Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешіттерінде жергілікті жамағатпен жүздесті.

Құптан намазының уақытында жамағатпен кездескен Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі «иман және амал», «иман және ихсан», «сабырлық» тақырыптарында уағыз айтты.

Сондай-ақ Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Нұрлыбек Шәкизадаұлы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді. РАНТ мүшесі Шағбан айының алғашқы жұмасында, аймақтың бас мешітіне жиылған жамағатқа «Кісі ақысын жеу – үлкен күнә» тақырыбында насихат айтты. Нақтырақ айтқанда, жемқорлық, жетімнің ақысын жеу, ұрлық, таразыдан жеу, өзгенің ар-намысына тию арқылы кісіге қиянат жасаудың зардабын түсіндірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру