Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Астана: Құранды мәнерлеп оқу семинары ұйымдастырылды

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 20.02.2023 2019 0 пікір
Астана: Құранды мәнерлеп оқу семинары ұйымдастырылды

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Құранды дауысыңмен көркемде!» тақырыбында үйрету семинары ұйымдастырылды.

Мешіт азаншысы, Қайнар қари Базарханұлы қатысушыларға Құранды мәнерлеп оқудың қыр-сырын түсіндірді. Нақтырақ айтар болсақ, семинарда «Құранды қандай мақаммен оқу керек», «Мақамдарды қалай үйренуге болады», «Кімді тыңдаймын», «Қалай көркем оқып үйренемін?» сынды сұрақтарға жауап беріліп, білікті ұстаз өзінің ізденістерін бөлісті. Семинарға жалпы саны 20-дан астам жамағат қатысып, жиын соңында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Аталмыш семинар жұмысы алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру