Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Әйел ұстаздарға семинар-тренинг өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 20.02.2023 2022 0 пікір
Қызылорда: Әйел ұстаздарға семинар-тренинг өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Қызылорда қаласы мешіттеріндегі әйел ұстаздарына арнайы семинар-тренинг өткізді.

Ұстаздардың біліктілігін көтеру мақсатында өткен шарада Динара Құтқожақызы қызылордалық әріптестерімен сұқбаттасып, жеке әдіс-тәсілдерін, тәжірибесін бөлісті.

Сондай-ақ, мешітке келуші әйел жамағатын бұрыс білім алудан, жат ағым арбауына түсуден сақтандыру үшін сауат ашу курстарын жетілдірудің маңыздылығын түсіндіріп, мешіт ұстазының тұлғалық бейнесіне тоқталды. Сектор меңгерушісі семинар-тренинг соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Бұдан кейін Динара Құтқожақызы «Әйел әдебімен әдемі» деген тақырыпта Сыр сұлуларының сырласу кешіне қатысты. Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде және «Arafat» кафесінде ұйымдастырылған басқосуда Динара Құтқожақызы әйел адамның көркем бейнесі, иба-әдебі, сүйікті жар, парасатты ана атанудың сырлары, бақыт отбасы құпиясы жайлы сыр бөлісіп, салихалы аналарымыздың өнегелі өмірінен насихат айтты.

Кеш соңында әйел адамның нәзік табиғатын жоғалтпай, үздіксіз даму үстінде жүруі, жан-жақты өнер-білімді меңгеруі туралы өзара пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру