
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Масаншы ауылында орналасқан «Қордай Құран Қарилар дайындау» орталығында болып қайтты.
Бас имам орталықтың ұстаздары және шәкірттермен кездесіп, студенттердің білім деңейін тексерді. Білім ордасының күй-жайымен танысып, құжаттар, сабақ жоспары, үлгерім жайында ақпарат алды. Сонымен қатар өткізілуге тиісті іс-шаралар бойынша ұстаздарға тапсырма берді.
Бейбіт Әліпбекұлы шәкірттермен жүздесуде Құран жаттауы, орталықтағы жағдайлары жайлы тілдесіп, сұқбаттасты.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру