Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

02 December 2022

8 Jumadál áýýál 1444 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: Саяжай өнімі 3 отбасыға берілді

ҚМДБ "Уақып" қоры 29.09.2022 958 0 пікір
Қарағанды: Саяжай өнімі 3 отбасыға берілді

Қасиетті Мәуліт айы қарсаңында ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен игі іс жүзеге асты.

Бір хадисте ибн Омар (Алла оған разы болсын) былай деп риуаят етеді: «Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) Хайбар соғысында бір жерді иемденеді. Бір күні осы жер хақында кеңесу үшін Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Хайбар соғысында бір жерді меншігіме алдым. Мұндай байлыққа бұған дейін ие болмадым. Бұл жер хақында маған қандай әмір бересіз?» – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қаласаң, ол жерді уақып қыл да, одан түскен пайданы садақа қылып отыр», – деп кеңес береді. Омар (Алла оған разы болсын) содан кейін ол жерді ешкімге сатыла алмайтын, мирасқа да қала алмайтын етіп садақа қылды. Одан түскен пайданы кедейлерге, өзін құлдықтан құтқарғысы келгендерге, Алла жолындағы жақсылықтарға, жолаушыларға, басқа қаладан келген меймандарға садақа етіп беріп отырды.

Сол секілді «Уақып» қорының Қарағанды облыстық өкілдігі жоғарыдағы хадиске амал етіп келеді. Естеріңізге салар болсақ, 2021 жылы «Уақып» қорының атына саяжай берілген болатын. Сол саяжай биыл өнім беріп, игі іске бастау алды. Атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған үш отбасыға азық-түлік үлестірілді. Алла Тағала сарқылмайтын сауап нәсіп етсін!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру