Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

beket-ata.kz 31.05.2022 2004 0 пікір
Маңғыстау: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Ақтау қаласында өткен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шараға қатысты.

Достық үйінде өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиын Құран аяттарын оқумен басталды. Сонымен қатар қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының ескерткішінің алдында өткен іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбайұлы, облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, жергілікті зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты.

Сондай-ақ бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Маңғыстау облысының мешіттерінде бірқатар іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, Ақтау, Жаңөзен қалалары мен Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты құлшылық үйлерінде Құран аяттары оқылып, сауабы қуғын-сүргін қарсаңында марқұм болған боздақтардың рухына бағышталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру