Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: ҚАРТ АНАҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 20.04.2022 3250 0 пікір
«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: ҚАРТ АНАҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ (ФОТО)

Рамазан айының құрметіне Шымкент қаласының Құрсай мөлтек ауданында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 537-баспана табысталды.

Игі іс-шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Қанат Қыдырмин, шаһар бас имамының орынбасары Мұсабек Ақтамберді, қордың қалалық өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев және демеуші азаматтар қатысты.

Қанат Қыдырмин құттықтау сөз сөйлеп, жаңа пәтер кілтін жалғыз өзі бірнеше немересін бағып отырған баспанаға аса мұқтаж кейуана Жиде Қаратаеваға табыс етті. Сондай-ақ игі іске қаржылай қолдау көрсеткені үшін кәсіпкерлер Мейіржан Пернебайұлына, Дәурен Мұстафаұлына және Диас Үсенұлына алғысын білдірді. 

Үйдің іші толық бітіп, тұрмыстық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. 

Айта кетейік, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының ұйымдастыруымен жуық арада тағы бір үй пайдалануға беріледі.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру