Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: 536-баспана көпбалалы отбасыға берілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 14.04.2022 2435 0 пікір
Ақтөбе: 536-баспана көпбалалы отбасыға берілді

Ақтөбеде «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 536-шы, өңір бойынша 25-баспана кілті табысталды.

Игі іс-шараға РАНТ мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев пен Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы арнайы қатысты. 

Аталмыш игі шара өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі және «Жарқын жүрек» еріктілер тобының атсалысуымен жүзеге асса, 3 бөлмелі пәтер 8 баласы бар Жұбатханов әулетіне берілді. Облыс бас имамы да, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді. 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру