Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» берілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 12.04.2022 2418 0 пікір
БҚО: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» берілді

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Сабралиев, наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, облыстағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Самат Алибаев, «Әйелдер-қыздар» БҚО бойынша жетекшісі  Анар Демеутова, ұстаз Ерген Құмаров қатысты.

Алдымен облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы жиналғандарды ұлық аймен құттықтап, демеуші болған жомарт жандарға шексіз алғысын жеткізді.

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыға көмек ретінде азық-түліктер беріліп, үйлеріне тегін жеткізілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру