Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Бегімбетте бата сайысы өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 17.03.2022 2807 0 пікір
Ақтөбе: Бегімбетте бата сайысы өтті

«Бата беру» күніне орай Ақтөбе облысының Шалқар ауданы «Бегімбет» ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» бағыты аясында іс-шара өтті.

Аталған шарада ата-аналар мен балалары бата беруден сайысқа түсті.

Додадағы әділ қазылардың төрағасы Шалқар ауданыныңбБас имамы Бақыт Абдиисламұлы: «Бата беру – қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі. Ең қастерлі құндылығымыз – батаның айтар ойы терең, ниеті түзу, сөзі нәрлі, көпке тигізер шапағаты мол. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген сөз тегін айтылмаса керек» деп игі шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ балалар жылы аясында осындай шаралардың ұйымдастырылуы арқылы жастарға дін мен дәстүрдің – егіз ұғым екенін түсіндіре аламыз дейді.

Жарыс ережесіне сай  1-4 сынып аралығында оқитын 3 оқушы, сонымен қатар 3 ата мен 6 әже қатысқан бата беру бәйгесінің үздіктері анықталып, серитификаттар табыс етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру