Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Павлодар: Аудан имамы ауысты

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 09.03.2022 2368 0 пікір
Павлодар: Аудан имамы ауысты

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы іссапармен Железин ауданында болды.

Алдымен бас имам аудан әкімі Айтуған Шайхимовпен кездесіп, аудандағы діни ахуал және аудан көлеміндегі мешіттерге көмектесу, бірлесіп жұмыс атқару туралы пікір алмасты.

Одан кейін Железин аудандық мешітінде жамағатқа уағыз айтты. Жоладс Қоспақұлы әсерлі насихатының соңында осы мешітте 6 жыл табан аудармай бас имам қызметін атқарған Төлеген Құсайыновтың орнына жамағаттың талап-тілегін ескере отырып осы мешітте 10 жылдан астам уақыт наиб имам қызметін атқарып келген Мұратай Майтахтың тағайындалғанын хабарлады.

Ал Төлеген Құсайынов Екібастұз қалалық мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру