Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімін түсіндірді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 28.02.2022 2567 0 пікір
Қызылорда: Мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімін түсіндірді

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Әйел-қыздар секторы өкілдігінің ұйымдастыруымен мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімдеріне қатысты практикалық сабақ өтті.

Қалалық мешіттердің әйел ұстаздары және шәкірттерінің қатысуымен өткен сабақта сектор жетекшісі Ләззат Сыдықова өмір мен өлімнің мәні, ысырапшылдық турасында насихат айтып, шариғатқа сай мәйітті жуындырудың үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, кебінді пішу, әсіресе әйел адамның кебін киімдері, оның атаулары мен өлшемі тұрғысында түсіндіріп, мүрдені кебіндеудің ретін баяндады.

Сабақ соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру