Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

02 July 2025

7 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Имамдар қан тапсырды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 14.02.2022 3355 0 пікір
Шымкент: Имамдар қан тапсырды

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен шаһардағы Қан орталығында «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.

Ережеп айының келуіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.

Шариғат қағидасы бойынша кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең екені айтылған. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру