Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Әйел ұстаздарының жиналысы өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 28.01.2022 2501 0 пікір
Ақтөбе: Әйел ұстаздарының жиналысы өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бас имам Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен қала және аудандардағы әйел ұстаздарына арналған онлайн жиналыс өтті.

Жиналыс барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдіктің 2022 жылғы жоспары талқыланып, Әйел-қыздар секторы бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Бас имам 7 бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, арнайы тапсырмаларды бекітті.

Сонымен қатар Жат ағыммен жұмысты жетілдіру мақсатында жауапты мамандар құрамы бекітілді. ҚМДБ бекіткен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында іс-шараларды егжей-тегжейлі кеңінен түсіндірді.

Одан өзге жиналыс қортындысында әйел-ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру