Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Нұр-Мүбарак университетінің үздік оқытушылары анықталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 28.12.2021 2031 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінің үздік оқытушылары анықталды

Студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында Нұр-Мүбарак университетінде жыл сайын профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) қызметін бағалау арқылы рейтинг жарияланады. Биыл да университеттің Сапа менеджмент жүйесі бөлімі жариялаған рейтингке төрт кафедраның, атап айтқанда: Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасынан – 13, Дінтану кафедрасынан – 19, Араб және ағылшын тілдер кафедрасынан – 15, Исламтану кафедрасынан 28 оқытушы қатысты.

«ПОҚ рейтингісін анықтау оқытушылардың ізденісін арттырып, қосыша еңбектер шығаруына, бәсекелестікке қабілетті сапа қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біз барлық оқытушылардың қатысуына мүдделіміз әрі бұл жылда дәстүрлі түрде жалғасып, жемісін көрсетіп келеді» деді СМЖ бөлімінің меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Шамшат Әділбаева.

Барлығы 75 оқытушы өзара ғылыми зерттеу, оқу және ғылыми-әдістемелік, біліктілікті арттыру, академиялық ұтқырлық және тәрбие жұмыстары бойынша 36 талапқа сай жұмыстарын ұсынды. Нәтижесінде 1-орынды филология ғылымдарының кандидаты, доцент (ААТ) Гүлдархан Рысбаева, 2-орынды филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (ЖУГП) Дариға Қапасова, 3-орынды философия ғылымдарының кандидаты доцент (Исламтану)Жалғас Сандыбаев) иеленді.

Сондай-ақ биылғы ерекшелік магистр-оқытушылар арасында да үздіктер анықталды. Олар: Нұржан Стамбакиев (Исламтану), Бижан Илесбеков  (Исламтану), Жадыра Сариева (ААТ). Үздік оқытушылар арнайы сертификатпен марапатталып, жеңімпаздарға «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры арнайы сый-сыяпат жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру