Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Мерекелік медальмен марапатталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 17.12.2021 2101 0 пікір
Ақтөбе: Мерекелік медальмен марапатталды

Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтөбе облысының дін қызметкерлері марапатталды.

РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Құрмет грамотасы» марапатына ие болды.

Сонымен қатар РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы негізінде «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Аталған марапатты Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров табыстады.

Одан өзге Қарғалы ауданы, Қайрақты ауылдық мешітінің имамы тәжік-ауған қақтығыс ардагері Алтынбек Оралұлы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалін иеленді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру