Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Қала имамдарының жылдық есебі тыңдалды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 13.12.2021 2108 0 пікір
Шымкент: Қала имамдарының жылдық есебі тыңдалды

Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ бекіткен жеті бағыт бойынша имамдардың 2021 жылы атқарған жұмыс есебі тыңдалды.

Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы, «Халал Дамудың» бақылаушы өкілі әрі наиб имам Қазыбек Сарыбаев, Қажылық және «Darhan Dala» жобасының өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшілері, Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты.

Жиын барысында бас имам тарапынан діни оңалту бағыты, діни сауат ашу және уағыз- насихат жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.

Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан бірқатар мешіт имамдарының жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер мен сөгіс беру ұсынылса, ал керісінше жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.

Биылғы жыл есеп балл қою арқылы жүзеге асырылды. Ең үздік деп Қаратау және Абай аудандары танылды. Бірқатар имам жыл бойы атқарған нәтижелі жұмысы мен жетістіктері үшін марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Мәжіліс барысында 2022 жылы атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылып, әрбір бағыт бойынша белсенді болуға шақырды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру