Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Имамдар білімін жетілдірді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 03.11.2021 1507 0 пікір
Қызылорда: Имамдар білімін жетілдірді

Қызылорда облыстық өкілдігінің бастамасымен өңірге қарасты имамдар білімін жетілдіру курсына қатысты.

Имамдарға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD докторлар Азамат Жамашев, Ерғали Алпысбаев және «Әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Ернар Мәжен ұстаздар Хадис ілімі, көркем сөйлеу мәнері, отбасы құндылылықтары бойынша дәріс оқыды.

Курс соңында Дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов атынан ұстаздарға алғыс хат берілді. Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Алматы шаһарынан арнайы келген ұстаздарға алғысын жеткізіп, қазақи салтпен шапан жауып, ризашылығын білдірді. Білім жетілдіру курсының тиімділігі мен пайдасы жайында:

«Пағамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен» деп білім алудың маңыздылығы мен дәрежесі жоғары екенін насихаттайды. Мұсылмандарға білім алу – парыз. Қазіргі таңда елімізде Ислам дінін тереңінен ұғынып, көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап іздеуші жамағат саны да артуда. Осы тұста, дін қызметкерлерінің білімін тұрақты түрде жетілдіріп, біліктілігін арттыру маңызды мәселе. Халық алдында имамдық қызметтің өз жауапкершілігі бар. Сондықтан да, аталмыш курсты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – өзекті мәселелерді ескере отырып, білікті мамандардың көмегімен сапалы білім беру. Білімді жетілдіру бұл – қазіргі уақыттың талабы» деді.

Қатысушы имамдарға арнайы сертификаттар табысталды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру