Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Мәуліт мерекесіндегі мерейлі істер

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 01.11.2021 1877 0 пікір
Қостанай: Мәуліт мерекесіндегі мерейлі істер

Қостанай қаласында Мәуліт мерекесіне орай жергілікті Мәдениет үйінде рухани кеш өтті.

Шараны облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы, Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінің шәкірті Әлинұр Нұрболұлы мен Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы мәуліт қасидасын оқумен ашты.

Облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Тілекқабыл Аманкелді аталған мейрамның мәні мен маңызы жөнінде уағыз айтты.

Осы шара кезінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 468-баспана кілті жалғызбасты ана Балғаныс Дәуренбековаға табысталды. Одан бөлек қор атынан 30 отбасыға азық-түлік қоржыны табысталды.

Өңірдің айтыскер ақындары Дидар Қамиев пен Серікболсын Әбікенов өздерінің шешендік өнерлерімен халықтың қошеметіне бөленді.

Осы күні Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын кентінде мұсылмандар қауымы көптен күткен «Хақ» мешіті қайта салынып, салтанатты түрде ел игілігіне пайдалануға берілді. Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы мешітке ескерткіш ретінде қасиетті Қағбадан жеткен тәбәрік кисуаны тарту етті.

Мешіттің ашылуы салтанатында арнайы келген ұлты орыс Евгений Константинович Ислам дінін қабылдап, есімін азан шақыртып мұсылманша өзгертті.

Осылайша облыста Мәуліт мерекесінде осындай мерейлі істер атқарылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру