Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбе: Мешіт жанынан асхана ашылды

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.10.2021 1861 0 пікір
Ақтөбе: Мешіт жанынан асхана ашылды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылындағы «Аманғали ахун Итесұлы» мешіті жанынан асхана ашылды.

Асхананың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли, Шалқар ауданының бас имамы Бақыт Әбдисламұлы, Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Шара барысында облыстың бас имамы Аманғали ахунның өмірі мен қызметіне тоқталып, сонымен қатар елжанды азаматтардың еңбегін айтып,

игі іске атсалысқан жандарды алғыс хатпен марапаттады. Елдің амандығы мен тыныштығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі.

Сондай-ақ бас имам жергілікті жамағатпен жүздесіп, «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында уағыз-насихат айтты. Сапар соңында жиынға қатысушылар Есет батыр Көтібарұлы кесенесін зиярат етті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру