Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Ихсан – рухани кемелдену жолы

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 26.10.2021 1696 0 пікір
Қостанай: Ихсан – рухани кемелдену жолы

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Ихсан – рухани кемелдену жолы» атты басқосу өтті. 

Басқосуда Ихсан ілімі жайлы жан-жақты мағлұмат беріліп, хәкім Абайдың Кемел адам концепциясы да насихатталды. Жиналған жамағатқа толық адам болуға үндеген Абай мұрасын рухани көзқарас тұрғысынан түсінуге зор мүмкіндік берілді.

Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы: «Біз Абай мұрасын таныған сайын рухымыз байып, жан-дүниеміз Ислам құндылықтарынан сусындай түседі. «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп ұлы ақын саналы жанға тағылымды да асыл қасиеттерді терең ұғындырады» деді.

Басқосуда осындай рухани тәлімді жайлар айтылды. Жиналғандар болашақта өзіне бағыт-бағдар болар құнды пікірлерді көңілге түйді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру