Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің жоспары аясында өңірде бірқатар ізгі шаралар жүзеге асып жатыр.
Жуырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешіті айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш екті.
«Атадан мал қалғанша тал қылсын» дегендей ерікті жамағаттармен ауыл мештінің имамдары мешіт маңына тазалық жүргізді. Бұдан соң мешіт ауласына бірнеше түп шырша, самырсын көшеттерін отырғызды. Жасыл желек көшеттерді кәсіпкер, мешіт жанашыры Ернар Базаров әкеліп тарту етті.
«Мешіт ауласын абаттандырып жатырмыз. Ең бастысы мешіт маңы таза, көркем болуы керек. Ауылдың әсемдігіне үлес қосып, мешіт маңын таза ұстау маңызды. Мешітке іскер азаматтарымызыдң көмектнесіп жатқанынан рахмет айтамын, бұл жалпыға үлгі іс» деп атап өтті мешіттің бас имамы Айдын Құсманұлы.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру