Шымкент қаласындағы «әл-Біләл» мешітінің ұйытқы болуымен шәкірттер арасында «Азан – Исламның жаңғырған жалауы» тақырыбындағы азан байқауы өтті.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Берік Қалдаров жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 20 үміткер қатысты. Оларға орталық «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы М.Сәрсенбаев, «әл-Біләл» мешітінің ұстазы А.Әшімбек, «Исамиддин баба» мешітінің азаншысы Т.Бейсеков төрелік етті.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды – Руслан Ахметқали, екінші орынды – Нұрсұлтан Исабек, үшінші орынды Жанболат Пернехан иеленді. Жүлдегерлерге қаржылай сертификат табысталды.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру